Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / ҚР Мемлекеттік рәмізі – Елтаңбаға өзгеріс енгізілді

ҚР Мемлекеттік рәмізі – Елтаңбаға өзгеріс енгізілді

ҚР Мемлекеттік рәмізі – Елтаңбаға өзгеріс енгізілді

2018 жылы 12 қыркүйекте Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев пен мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің және "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. 

Жаппай латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты ұлттық рәміздегі ел атауының жазылуына өзгеріс енгізілді. Отырыста "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде "Қазақстан" сөзін латын графикасымен "QAZAQSTAN" етіп өзгерту, ΔE түстер диапазонын қолдану туралы өзгерістер қабылданды. 

Енді еліміздің елтаңбасының жаңартылған нұсқасында QAZAQSTAN сөзі қолданылады. Мемлекеттік Елтаңбаның элементтері мен тарихын сипаттауға әдістемелік құралдарға сілтеме, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков жасаған конструкторлық құжаттамаға қосылды. 

"Осылайша, "Қазақстан" сөзі өзгертіліп, мәтін латын графикасы негізінде – "QAZAQSTAN" болып жазылады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Еркема Мұхтар. 

Мұндай өзгерістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлығына сәйкес енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. 

0
Рейтинг: +0

Фото: express-k.kz
Қосылған күні: 13 қыркүйек 2018, 11:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.