- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Рухани жаңғыру: патриотизм...
Рухани жаңғыру: патриотизм неден бастау алады?
Көптен бері қауымның көсіліп айта жүрген арманы мен мақсатын «рухани жаңғыру» мақаласы тамырдан дәл басып айтып бере алды. Әрқашан жарқын, жағымды ойлауға тәрбиелейтін бұл мақала ұлттық тегіңді сақтап қалудың жолдары мен міндеттерін нақты көрсетіп берді.
Елбасының ойынша ұлттық текті сақтап қалуға мүмкіндік беретін басты көрсеткіш – бұл патриоттық тәрбие. Қазақстандық білім беру жүйесінде балаларды патриоттық сезімге баулуға аса мән беріліп отыр. Балалардың жас күнінен Отанға деген сүйіспеншілігін, атамекенде өмір сүріп жатқан ұлт пен ұлыстардың мәдениеті жайында білім беру отырып, біртұтас қазақстандық қоғамды қорғауға деген түйсігін қалыптастыру қазіргі білім беру жүйесінің басты ұстанымы болып отыр.
Мақалада әрбір азаматтың патриоттық сезімін қалыптастырып, сүйіспеншілігін арттыратын туған жер екендігі айтылады. Яғни, Елбасының сөзімен айтқанда «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». Осыған байланысты бұған дейін де жұртшылық тарапынан қолдау тапқан «Туған жер» бағдарламасының өзінің жалғасын табатын болды. Мақалада алға қойылған міндеттердің қатарында үшінші тізімді «Туған жер» бағдарламасын қола алу ұсынылған.
Туған өлкені топырағы – әрбір қазақтың жүрегіне түптелген рухы. Сол себепті туған жерін, туған ауылын өркендеткісі келетін жандардың қарасы көп. Көптеген кәсіпкерлер өзінің туған ауылына көңіл бөліп, ондаған ағайынды жұмыспен қамтып, аймақта шаруа дамытып отыр. Туған жерді дәріптеу арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру бала жастан да, ересек жастан да бастау алады.
Туып-өскен өлкенің қандай құдіретті істерге бастайтындығын аңдаған Елбасы ендігі кезекте тарихы бай ұлан-ғайыр алқаптың мәдени құндылықтары мен географиялық табиғатын қалыптастыруға мән беруде. Сол мақсат жолында «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Жобалар бойынша мәдени-географиялық белдеудің электронды картасы жасалып, әлемдік ғаламтор желісіне орналастырылмақ. Одан бөлек, мәдени орындар мен мұражайларға қойылмақ.
Елімізде екі мыңнан астам тарих ескерткіш орындары мен мыңдаған туристік-мәдени жерлер орналасқан. Мұны мәдени кластер ретінде де, туристік кластер ретінде де ұйымдастыра отырып, біртұтас мәдени жоба түрінде жасап шығуға болады. Қазіргі уақытта этнограф, картогроф, геодезист ғалымдар тарихи мекендердің картасын жасауға зерттеу жұмыстарын жүргізуге аттанды. Нәтижесінде мәдени орындардың суреттері 3D кеңістікке көшіріліп, ақпараттармен қамтылмақ.
М. Ақан