«Нұр Отан» партиясы: Алматының айшықты асулары

«Нұр Отан» партиясы: Алматының айшықты асулары
Фото: liter.kz

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ХIX-шы есеп беру – сайлау конференциясы қалыптағыдан бөлек, еркін түрде, ашық пікір алмасу форматында өтті. Алдын-ала сөйлеуге жазылғандармен қатар, жиын барысында өтініш білдіріп, өз ойларын ортаға салған партия белсенділері де бой көрсетті. Залда конференция делегаттарынан басқа, арнайы шақырылған партия ардагерлері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен баспасөз өкілдері де көп болды. Елімізге белгілі нұротандықтар – Бибігүл Төлегенова, Мұрат Жұрынов, Карл Байпақов, Аягүл Миразова, Николай Кремениш, Денис Тен сияқты танымал тұлғалар алдыңғы қатардан орын алып, жиын мінберіне шыққан әріптестерінің сөздерін қызығушылықпен тыңдады.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, партия АҚФТөрағасы, Алматы қаласының Әкімі:

«Нұр Отан» – бір Отан үшін қызмет жасайды

Бүгінгі күні 80 мыңнанастам адамды біріктірген қалалық филиалдың Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдарда атқарған жұмыстары туралы баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, партия қалалық филиалының Төрағасы, Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек шаһар өміріндегі қоғамдық-саяси, рухани және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың барлығын қамтып, талдап, таратып айтып берді.

Филиал жетекшісінің мәліметі бойынша, Алматыда 720 бастауыш ұйымы жұмыс істейді. Жыл өткен сайын партия мүшелерінің қатары өсіп келеді. Өткен екі жыл ішінде 200 жаңабастауыш ұйым құрылып, 14 126 адам мүшелікке қабылданды (оның 3 мыңнанастамы – жастар).

«Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» – бұл халықтық партия. Ол үнемі қарапайым адамдардың арасында болуы керек» - дей отырып, оның рөлін арттыру әрбір партия мүшесінің бұлжымас міндеті екенін атап көрсеткенін білесіздер. Бұл – осында отырған бәрімізге жүктелген үлкен жауапкершілік деген сөз. Алматылықтар бүгінгі есеп беру-сайлау конференциясына сол жауапкершілік үдесінен шығып, үлкен жетістіктермен келіп отыр», - деп атап өтті Б.Байбек.

Есепті кезеңде – Елбасының стратегиялық бағытын жүзеге асыруға арналған «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасы Алматы қаласы бойынша мерзімінен бұрын орындалды. Тұғырнама аясында Алматының әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру мақсатында мәслихат депутаттары, партияның фракция мүшелері, партиялық тәлімгерлердің қатысуымен өздері жетекшілік ететін бағытттар бойынша 43 отырыс өткізіліп, 7 қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды.

Жалпы, Сайлауалды тұғырнама – бұл қазіргі кезеңнің ең өзекті құжаты. Партияның халық алдында берген уәдесінің орындалуының көрсеткіші.

Қалалық даму бағдарламаларын айқындау және жергілікті бюджетті қолдануға қатысты белгіленген партиялық 9 бағыт бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға 26мемлекеттік органдар мен мекемелерқатыстырылды. Әрбір жартыжылдықта білім, медицина саласын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамту, еңбекке орналастыру бағытындағы партиялық тәлімгерлердің есептері тыңдалды.

Бұған қоса антикризистік бағдарламаны қабылдау, жұмыссыздықты жою,экологияны жақсарту, коммуналдықтарифтерге байланысты жасалған бірқатар ұсыныстар «Алматы қаласының 2020 жылдарға дейінгі даму» бағдарламасын қабылдау кезінде ескерілді.

«Қаламыздың да, тұрғындардың да әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, экономикалық дамуы өсіп отырғанын көріп отырмыз. Кәсіпорын, көлік, байланыс, сауда, қызмет көрсету және басқа салалар бойынша да көрсеткіштер деңгейі күн сайын артып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы нысандар салу жұмыстары қарқынды жүргізілді. 2017 жылдың Универсиадасын өткізуге арналған ғимараттарды мерзімінен бұрын аяқтадық. Осының барлығында «нұротандықтардың» қосқан үлкен үлесі бар», - деген Бауыржан Байбек әріптестерінің еңбегіне жылы лебіз білдірді.

Қалалық филиалдың басшылығымен есепті кезеңде бірқатар қоғамдық-саяси, ақпараттық-насихаттау, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің 3 отырысы, Бюроның 8отырысы және 3 конференция өткізілді.

Партиялық қабылданған жобалар бойынша есепті кезеңде 500 мыңнан аса адамды қамтыған 6000 іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 750ҰОС ардагерлерінің паспорты жасалып, оларды құрметтеу мақсатында 2000 қайырымдылық шаралары өткізілді. «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында мүгедек жандар мәселесі де ұдайы назарда ұсталады. 2 жыл аралығында Алматы әуежайы, теміржол бекеттері, денсаулық сақтау, білім салалары, қоғамдық тамақтандыру сиқты 200 нысанғамүгедектерге қандай жағдай жасалғаны жөніндегітексеру жұмыстары жүргізілді. 1012 мүмкіндігі шектеулі жандар еңбекке орналастырылды.

Бүгінгі күні партияның алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Биылғы жыл басында – 29 қаңтарда өткен партияның ХVІІ Съезінде «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық.Жасампаздық» аттыжаңа Сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Онда әлемдегі қуатты 30 елдің қатарына қосылуды көздейтін «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысында бірқатар маңызды тапсырмалар белгіленді.

Елбасының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын тұтастай қамтыған бес жылдық осы бағдарламаны орындау – «Нұр Отан» партиясының қазіргі уақыттағы ең басты міндеті болмақ.

Наурыз мерекесі қарсаңында болып өткен Парламент мәжілісі сайлауында халқымыз мықты ел, мықты партия және дара Көшбасшы қажет екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сайлауға құқығы бар азаматтардың 77 пайызы дауыс беруге қатысып, оның 82 пайызы «Нұр Отан» партиясына сенім білдірді! Қалалық Мәслихат сайлауында алматылық «нұротандықтар» 37 мандаттың 35-сіне ие болды.Билеуші партия ретінде «Нұр Отан» ұсынған бағдарлама мен реформалық бағыттарды қазақстандықтар осылайша өз қалауы арқылы қолдады.

Қазақстанның басты жетістігі – Тәуелсіздік, тұрақтылық, бірлік және жасампаздық болса, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы осы құндылықтарды сақтай отырып, «Жаңа әлеуметтік саясат аясында ел экономикасын өркендетуді, жаңғыртуды одан ары жалғастырады.

«Туған қаламыз Алматының жақсарып, ажарлануы;жаңа еңбек орындарының ашылуы; тұрғын-үй құрылысын дамыту; халықтың денсаулығын жақсарту, ардагерлер мен мүгедектерді, көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; бұқаралық және балалар спортын дамыту, бала бақшаларды көбейту; жергілікті атқару органдарындағы есеп беру мен ашықтықты одан әрі тереңдету – осының бәрі «нұротандықтарды» қатысуымен жүзеге асырылатыны ақиқат», - деп атап өткен Б.Байбек филиал алдында тұрған күрделі міндеттерді санамалап көрсетіп, оныжүзеге асырудың жолдарын белгілеп, нақты тапсырмалар қойды.

***

Серік Аханов, «Нұр Отан» партиясы АҚФ бақылау-тексеру Комиссиясының төрағасы:

Бақылау-тексеру Комиссиясының назарынан тыс қалатын мәселе жоқ

Біздің партия – барша халықтың сеніміне ие болған ең беделді ұйым.

Бұл партияғамүшеболу - біржағынан үлкен абырой болса, екінші жағынан зор жауапкершілік. Ашықтық принципін ең алғаш «Нұр Отан» тәжірибеге енгізіп, өз қаражатының қайда, қалай пайдаланып отырылғанын баспасөз арқылы халыққа жариялаған тұңғыш партия. Жалпы, партиялықБақылау-тексерукомиссиясының ең басты міндеті партия Жарғысыталаптарын бұлжытпай орындауға бағытталған. Оның ішінде, жарнатөлеу, бухгалтерлік есеп және есептілік жұмысы мен салық төлемдерінің дұрыс рәсімделуіне бақылау жасауды іске асырып келеді.

Есепті кезеңде тексеру комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, қаржылық-шаруашылық бағытта 16 тексеру өткізілді (2-уі қалалық филиал, 14-і аудандық филиалдар бойынша). Тиісті жауапты қызметкерлердің есебі тыңдалып, нәтижесінде кейбір аудандық филиалдарда анықталған бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу барысындағы ұсақ қызметтік олқылықтар дер кезінде түзетілді. Партиялық жарна жинау мәселесінде ескерту жасарлықтай кемшіліктер болған жоқ. 2015 жылы Орталық аппараттың шешіміменбухгалтерлік есеп-қисап жүргізудің 20-дан аса толықтыруынан кейін «Қаржыны және бюджетті кешенді басқарудың»бірыңғай есептік жүйесі енгізілді. Есепті кезеңде өңірлерде жүргізілген барлық бухгалтерлік есеп-қисап мәліметтері орталықтандырудың нәтижесінде ашықтық прициптеріне сәйкес, бір мезгілде нақты мәлімет алу арқылы мониторинг жүргізуге және қадағалану арқылы бағалау мүмкіндігіне ие болды.

Қалалық филиалдың екі жылдағы кіріс бөлімі 295 млн теңгені құрап отыр, оның ішінде 194 млн теңге партиялық жарна, 101 млн теңгеден аса қаржы кәсіпкерлік (ғимаратардағы бос алаңдарды жалға беру) арқылы түскен қаражатттар. Ал, филиалдың шығыс бөлімі 325 млн теңге болды, оның ішінде жалақы мен зейнетақы қорына, негізгі құралдарды ұстауға және күтіп-баптауға арналды, салық төлеуге, материалдық қажетті заттар сатып алуға, электр, жылу, су сияқты коммуналдық төлемдерге жұмсалды. Орталық аппараттың қатысуымен жүргізілген тексеріс пен аудиторлық тексерістердің қорытындысы бойынша қалалық филиалда өрескел қаржы бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

Барлық партиялық жарнаны жинау және ғимараттарды жалға беру арқылы түскен қаражатар 100%-дық көрсеткішпен қалалық филиалға жинақталып, соңында Орталық аппараттың бірыңғай есепшотына белгіленген мерзімше сәйкес аударылып отырды.

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы өз тәжірибесіндегі ашықтық прициптерін өзге де мемлекеттік және бюджеттік мекемелерге үлгі ретінде ұсына отырып, қолдағы ортақ қаржыны игерудің тазалығы жалпы қоғам үшін аса маңызды фактор екенін есте ұстауды ұсынады.

***

Мұрат Әділханов, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық  Мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі

«Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы – қоғамдық бақылаудың басты тетігі

Партия белгілеген тапсырмалар мен бағдарламалардыңорындалуын жүзеге асыруды қадағалауда Алматы қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы үлкен жұмыстар атқаруда.

Ең алдымен, депутаттық фракцияның Комиссияларыарқылы Алматы қаласындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарға Ұлттық қордан бөлінген бюджеттік қаржылардың мақсатты және тиімді жұмсалуы бақыланады. Бұл мәселебойынша 2016 жылдың басынанберідепутаттық фракциясының жанынан құрылған комиссиялардың бірлескен 3 отырысы болып өтті. Отырыстарда жергілікті атқару органдары мен мердігерлік ұйымдар басшыларының есептері тыңдалды. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстарының сапасына байланысты 9 ұсыныс беріліп, оның 6 толық орындалды. Ал, қалған үшеуі өндірістік бақылауда.

Ұлттық қордан бөлінген қаржы белгіленген кестеге сәйкес, жоспардағыдай игерілуде екені анықталды. Екі жылда «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2 нысанға 1 млрд. 700 млн.теңге бөлінсе, ол толықтай игеріліп, «Шаңырақ-2» ықшамауданында №26 орта мектепке 900 орындық, «Қалқамандағы» № 157 орта мектепке 600 орындық қосымша ғимараттар пайдалануға берілді. Айта кетейік, Қалқамандағы іргетасы 1978-ші жылы қаланған бұл оқу орны 38 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпей келіпті. Бүгінде оқушылар үшін екі спортзал, компьютерлік сыныптар, тәжірибелік лабораториялар ашылып, балаларды қуанышқа бөлеп отыр.

Ал, «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфражүйесін жаңғырту, су және жылу желілерін дамыту, тұрғын-үй саласын нығайту» бағыты бойынша 39 нысанға (оның ішінде 5-еуі республикалық бюджет есебінен) 21 млрд. 967 млн. 117 мың теңге, «Индустриалды, энергетикалық инфражүйені дамыту, ШОБ пен іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша 28 жобаға 5 млрд. 319 млн. теңге бөлінді. Олардың игерілу барысы да фракцияның тұрақты қадағалауында.

Партиялық қоғамдық бақылаудың бірлескен нәтижесінде «Жас қанат», «Алғабас», «Нұркент» тұрғынүй кешендердегі жұртты қатты алаңдатып отырған құрылыс сапасындағы олқылықтар, инженерлік-жылу жүйесіндегі кемшіліктер дер кезінде түзетіліп, баспасөзде хабарланды. Жылу мен ыстық су, табиғи газ мезгілінде желіге қосылып, тұрғындар өз ризашылығын білдірді.

Комиссия мүшелер іжуырда Түрксіб ауданында тұрғызылып жатқан (КНС-2, 2а) кәріз коллекторының №8 далалық коллекторға дейінгі құрылыс желісімен танысып, еңбек ұжымымымен жүздесті. Мердігер мекеменің өкілдері аталған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысан құрылысы бекітілген кесте бойынша өз уақытында орындалып жатқанын және осы учаскеде қосымша 70 жаңа жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді.

Негізгі мәселе барлық құрылыстың өз уақытында және сапалы орындалуында. Қалалық филиалдың депутаттық фракциясының қадағалауының нәтижесінде Алматы қаласындағы нысандардың пайдалануға берілу нәтижесі бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, «Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі дамуы туралы» және «Алматы қаласының 2016 жылға арналған бюджеті туралы» мәселелер де фракция отырыстарында арнайы қаралып отырады, соның нәтижесінде маңызды саналатын салаларға ерекше көңіл бөлінді. Мысалы, бұқаралық спортты дамытуға –2015 жылдың соңында әкімдіктің қосымша 500 млн. теңге бөлуіне қол жеткіздік, бұл қаржы 2014 жылғымен салыстырғанда 20 есеге көп.

Сол сияқты қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосымша - 2,9 млрд. теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға - 7,2 млрд. теңге, әлеуметтік нысандарды салуға - 1,7 млрд. теңге, (барлығы 12,3 млрд. Теңге) қаржы бөлудіруге ықпал еттік.

Фракция қолдауымен жергілікті бюджет есебінен мақсатты трансферттерді қаржыландыруға 10,2 млрд. теңге бөлінді. Әлемдік экономикалық ахуалдың қиындығына қарамастан, шығындарды оңтайландыру әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал етеді. Түйіндей айтсақ, шығындардың 50 пайыздан астамы қалалықтардың өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалады, олар – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау туралы ұсынысымызды жұмсалуын әкімдік қолдады. Бүгінгідей қиын шақта қаламыздың өркендеуіне арналған іс-шаралардың барлығына да фракция белсенділікпен қатысуда.

***

Динар Нөкетаева, «Нұр Отан» партиясы АҚФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық Мәслихат депутаты

«Нұр Отан» – жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі көшбасшысы

Жемқорлық – мемлекеттің дамуына тежеу болатын, оның болашағына кері әсерін тигізетін аса қауіпті індет. Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы халықтың ашу-ызасын туғызады. Елдің мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін кетіреді. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жем¬қорлықты жеңу – жалғыз мемле¬кеттің қолынан келмейді, бұл мақсатта үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ықпалдастықта болу қажет» - деп, оған қарсы аяусыз күрес жариялап отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру, халықтыңжемқорлық көріністеріне «нөлдік төзбеушілігін» бағыттау –Қоғамдық кеңесіміздің тікелей міндеті болып саналады. Басты мақсатымыз – жемқорлықтың салдарымен күресу ғана емес, оның шығу себептерін анықтап, болдырмаудың алдын-алу.

Қала әкімі, партия АҚФ төрағасы Бауыржан Байбектің бастамасымен қоғам алдындағы ашықтықты енгізумақсатында әр тоқсан сайын мемлекеттік органдар мен мекемелердің есебін тыңдау жүктелді. Бұл бастама бойынша Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында қалалық Білім беру және Денсаулық сақтау басқармаларына қарасты бюджеттік мекемелердің есептері тыңдалды. Өйткені, 2015 жылы қалалық филиалға келіп түскен 2,5 мың арыз-шағымның 500-і (23%) білім мен денсаулық саласына қатысты болған.

Сондай-ақ, өткен жылдың соңында жүргізілген сауалнамалық зерттеулерге қатысушылардың 15%-ы медициналық мекемелерде сұғанақтық фактілері барын, 21%-ы парақорлық пен кадрлық мәселелерде жершілдік, таныстық көріністерінің кездесетінін атап өтті. Кейбір бас дәрігерлердің 2-3 лауазымдық жалақыны (қағаздағы тұлғалар) арқылы өзі алып отырғандығы, қызметтік автокөліктерді жеке бастық мүддеге пайдаланатыны анықталды.

Қала әкімінің ұсынысынан кейін емхананың бас дәрігерлері, мектептің директорлары, бала бақшаның меңгерушілері өздеріне бөлінген қаражаттың кіріс және шығыс есебін ашық көрсете отырып, қалай, қайда жұмсалғаны туралы қорытынды ақпаратын жергілікті баспасөзде үзбей жариялап келеді. Нәтижесінде – әлеуметтік сала мекемелері мен ұйымдарындағы заң бұзушылық көріністері туралы шағымдар үлесі азайды.

Тұрғындардың дабылымен көтерілген кейбір өткір мәселелер Қоғамдық кеңестің арнайы талқылауына ұсынылып отырады. Мысалы, жуырда шаһардағы Пәтер иелері кооперативтерінің қызметі қаралды. Партияның Қоғамдық қабылдауына келіп түсетін өтініш-шағымдардың 20% осы тұрғын үй–коммуналдық мәселелерге қатысты және оның өткірлігі жағынан алдыңғы үшінші орында тұр. Азаматтардың арыз-шағымдарынакейбір мемлекеттік мекемелердің салғырт қарайтындығы да анықталып, тиісті шара қолдану үшін жоғарғы органдарға хабарланды.

Реті келгенде айта кетейік, АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекованың жетекшілігімен осы салада қордаланған мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ПИК-тердің төрағалары мен қызметкерлерін партия қатарына қабылдау жұмыстары қолға алынуда. Биылғы жыл басынан бері 209 төраға мен 684 қызметкер партияға қабылданды. Жаңадан құрылған бастауыш партия ұйымдары арқылы ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғын үй қорының сапалық жағдайы мен балалар ойнайтын алаңдарды жақсарту, аулаларды асфальттау, кооперативтердің жинақталған жарналарды тиімді пайдалану сияқты өзекті мәселелер назарда ұсталып,тұрғындар арасында заңдылықтарды сақтауды түсіндіру шаралары жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда жемқорлықпен күрестің қажеттілігін жастар санасына да сіңірудің маңызы ерекше. Себебі, мемлекеттің болашағы – жастардың қолында. Соған байланысты«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыппен өткен қалалық жастар форумында білім мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдай қалыптастыру мәселелерін талқылауға ұсындық.

Бірлескен шаралар өз нәтижесін беруде. Қалалық және аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында жемқорлықпен айыпталған мемлекеттік қызметкерлер туралы тұрақты хабарланып отырады. «Өзіңнен баста», «Таза сессия» сияқты акциялардың қорытындылары да жарияланады. Бұл өз кезегінде кез-келген қылмыстың алдын-алуда пайдасын тигізері сөзсіз.

***

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер

Алматыда нақты істер жүзеге асырылуда

Өз сөзінде Алматы қалалық филиалының жетекшісі, қала әкімі Бауыржан Байбек «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған жаңа тұрғын үйлер, жаңа мектептер, жаңа бала бақшалар туралы айтып өтті.Мұның бәрі – мыңдаған алматылықтарға қуаныш сыйлаған жарқын істердің нақты көрінісі!

Мерзімінен бұрын пайдалануға берілген 2017 жылғы Универсиада спорт кешендерінің бір өзі неге тұрады? Халықаралық көлемдегі мұндай әсем, ғажайып спорт сарайлары Алматыда бұрын болып па еді? Әрине жоқ. Осының бәрі Елбасы жүргізіп отырған кемел саясаттың, тұрақты даму мен ынтымақтың, қажырлы еңбектің нәтижесі!

Соның ішінде, білім беру саласында 2015 жылы қаламызда 60 жаңа бала бақша ашылса, биыл тағы да 147 бала бақша пайдалануға берілді. Бұл – 1-сыныпқа оқуға келетін қалалық балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың кезеңінен міндетті өту қажеттігін қамтамасыз ету жоспарыныңорындалуының ілгерілеуін көрсетеді. Соның нәтижесінде,балабақшаларда тәрбие мен оқыту сапасы артып, бүлдіршіндердің интеллектуалдық деңгейі көтеріліп келеді.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елімізде қызу қолдау тапқан «Нұрлы жол» және мемлекет пен жеке кәсіпкерлер серіктестігі күшімен салынып жатқанәлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Биылғы оқу жылында пайдалануға берілген Медеу ауданындағы №168 мектеп, Нурызбай ауданындағы №157 орта мектеп, Алатау ауднындағы №26 орта мектеп ғимараттары соның дәлелі. Сол сияқты №159, №12 гимназиялардың спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, оқушылар мен ата-аналарды зор қуанышқа бөледі. Мұндай игілікті істер қаламызда әлі де жалғасын табуда!

Осындай партиялық мәртебелі басқосуда мектеп үшін жұмсалған күш-қуаттың кейбір ерен нәтижелерін айтуды азаматтық парыз деп түсінемін. Мысалы: 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен өткен Президенттік олимпиадада 3 жыл қатарынан алматылық шәкірттеріміз бірінші орынды иеленіп отыр. Мың жылдан астам тарихы бар Алматы тойына 200-ден астам жас дарындарымыз 68 алтын, 80 күміс, 142 қола медальді тарту етті. Біздің қаламызда осындай тамаша талантты ұл мен қыздарды марапаттап, олардың еңбегін бағалап отыратын арнайы шаһар басшысының «Үркер» деп аталатын төс белгісі бар. Биыл 77 дарынды оқушымыз Бауыржан Қыдырғалиұлының өз қолынан осы қастерлі белгімен марапатталды!

Ал, Ұлттық бірыңғай тестілеуде Алматы қаласының мектеп бітірушілері бесінші мәрте еліміз бойынша бірінші орынды жеңіп алды, 6 бірдей түлегіміз ең жоғары нәтиже – 125 балл көрсеткішке ие болды. Осының бәрі «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қойып отырған міндеттердің іске асырылуының айғағы деп түсінемін.

***

Бекқали Торғаев, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі

Аудандық филиалдар – халықпен тікелей  байланыстағы ұйымдар

Бүгінде аудандық филиалдар халықпен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқаратындықтан, оларға көп міндет жүктеледі. Қаламыздың әлеуметтік, экономикалық, рухани салаларындағы барлық тыныс-тіршіліктің басы-қасында болатынтан аудандық ұйымдардың араласпайтын мәселесі кемде-кем. Партия қатарындағы ел қадірлейтін зиялы қауым өкілдері, білім, денсаулық саласының қызметкерлері, бизнес қауымдастығы мен жастар өкілдері бар партия бастаған ауқымды істерге өздерінің үлестерін қосып келеді.

Қазіргі уақытта аудандық филиалдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 8 аудандық ұйымдар өз ғимараттарына ие болды. Халықпен жақын араласуға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бір сөзбен айтқанда, игіліктердің барлығы да – алматылықтармен байланысты нығайту үшін жасалып жатыр.

Қаламыз бен ауданымызыдың әлеуметтік, экономикалық, руханисалаларындағы барлық тыныс-тіршіліктің басы-қасында болатын бастауыш ұйымдар қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді. 2015 жылы қаңтарда Бостандық ауданында 11 720 нұротандық есепте тұрған болса, бұл көрсеткіш биыл 13 907 адамға жетіп, 86 бастауыш партия ұйымы жұмыс істеуде.

Биыл қалалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында ауданнан 3 жеңімпаз ұйым жүлделі орындарға ие болды. 240 нұротандық белсенділер ҚР Президентінің, партия Орталық аппаратының және қалалық филиалдың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Аудандық филиал Саяси кеңесінің құрамы белгілі тұлғалардың, қалалық мәслихат депуттаттары, БПҰ төрағалары, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерінің есебінен 70%-ға жаңарды.

Есепті кезеңде 3 аудандық конференция (2-і кезектен тыс), Саясикеңестің 3 отырысы, Саяси кеңес Бюросының 8 отырысы өткізіліп, аудан өмірі үшін аса маңызды, күрделі және жедел шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер қаралды. Депутаттық фракция мүшелерінің қатысуымен 2015 жылы 285 іс-шара өткізілсе, 2016 жылы 32 мың адамды қамтыған 500-денаса қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл деген – Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған даму жолының дұрыстығын түсініп, қолдаушылардың қатары өсуде деген сөз.

Халықпен байланыс әртүрлі жолдармен жүргізіледі, соның ішінде Қоғамдық қабылдау жүйесі басты орында тұр. Статистикалық мәліметке сүйенсек, партияға деген сенімнің жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді. Егер, 2015 жылы аудандық филиалға 222 өтініш түссе, биылғы жыл басынан бері 307 шағымданушы азаматтардың мәселелері қарастырылды. Аудан прокуроры және Ішкі істер басқармасының бастығы 30 қабылдау өткізіп, онда 130 әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа да жазбаша өтініштер қаралды.

Мысалы, аудандық филиалдың араласуымен мектеп оқытушысы Айсәуле Омарова Халық банк арқылы алған несиесін жеңілдікпен қайта төлетуге мүмкіндік алды. Аудан прокуроры Б.Жұмахановтың араласуымен «Алматы Су Холдинг» маманы Әсия Нұржақыпованың тұрғын үй кезегі қалпына келтірілді. Аудан әкімі мен пркурорының қабылдауынанкейін, зейнеткер Мәрия Жармағамбетоваға 750 мың теңге жалақысы өндіріліп берілді. Перинатология және балалар кардиохирургисыорталығының аула сыпырушысы және сонда бір бөлмеде тұрып жатқан зейнеткер Зияда Ысқақовқа қала маңынан жер телімін алуға жәрдем көрсетілді.

Елбасы, қазіргі уақыт талабына сай, әрбір еңбек ұжымдарында қоғаммен тікелей жұмыс істейтін бастауыш партия ұйымдарының, аудандық филиалдардың жұмысын одан әрі жақсартып, жаңа сапалы деңгейге көтеру талабын қойып отыр. Ендігі міндет – осы ауқымды партия тапсырмаларының жүзеге асырылуын дұрыс жоспарлап, тиянақты орындау. Бүгінгі жеткен жетістіктерді еселеп, ауданымыздың, қаламыздың әлеуетін одан әрі арттыра түсу.

***

Рүстем Хайдаров, юстиция генерал-майоры, «Генералдар кеңесі» РҚБ Президумының төрағасы

«Нұр Отан» – ардагерлердің қолдаушысы, жебеушісі

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Орталық мемлекеттік мұрағаты мен Еуразиялық топтың қатысуымен «Қазақстандықтар – Советтер Одағының Батырлары» атты 70 қысқаметражды фильмдер түсірілді. Оған Алматы қалалық филиалы да белсене қатысты, маңызды құжаттар мен материалдар жинастырды. Олардың арасында 27 Кеңес Одағының батыры, төрт «Халық Қаһарманы», аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы, Сергей Луганский, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев сынды батыр тұлғалар бар.

Осы топтамадағы «Соғыс жалыны», «28 Панфиловшылар» және «Рахымжан Қошқарбаев» атты фильмдер «Алатау» киноконцерт залында, Армия Үйінде ардагерлерге көрсетілді. Аға ұрпақ өкілдерінің нағыз интернационалдық үлгісі саналатын осы фильмдерді ардагерлер, генералдар, жас жауынгерлер, зиялы қауым мен жас ұрпақ өкілдерібірге тамашалады. Арада 70 жылдан аса уақыт өтсе де, сол ұмытылмас ерен ерліктің жаңғырығы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, еліміздің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға, халықты «Мәңгілік Ел» идеясы аясында топтастыруға ықпалы зор.

Қалалық филиалдың қолдауымен «Жас Отан» жастар қанаты әрбір аудандағы 147 монументтік ескерткіштерді күтімге алды. Тозған ескерткіштерді жөндеу үшін қала бюджетінен 2014 жылы 82,3 млн. теңге, 2015 жылы 106,4 млн. теңге бөлінді. Соның ішінде 28 гвардияшы-панфиловшылар бағындағы Даңқ мемориалы жаңғыртылды, Орталық және Солтүстік зираттардағы ардагерлер ескерткіштері ретке келтірілді. Жол соқпақтары жөнделіп, асфальт төселді, ескі ағаштардың бұтақтары кесіліп, шығарылды. Даңқ аллеясындағы ескерткіш тақтадағы 129 соғыс ардагерінің тізімі қайта жазылды.

Өз тарихын ұлықтып, ерлерімізді әрдайым еске алып, қадірлеуді ұйымдастырып жүрген«Нұр Отан» партиясына, оның Алматыдағы филиалына ардагерлер мен жұртшылықтың ризашылдығын білдіремін.

***

Нурия Ниязова, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық  мәслихатындағы фракциясының мүшесі

Нұротандықтар халық бірлігі мен игілігі үшін жұмыстарды жүзеге асырады

Өткен 2015 жылы – Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты айтулы мерекелерді атап өтсек, биыл Ұлы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы күтіп тұр.Бұл шежірелі белестердің барлығы қазақстандық патриотизмді жас ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие екені даусыз. Осынау тарихи жетістіктерге біз еліміздің татулығы мен бірлігінің нәтижесінде көтеріліп келеміз. Осы ел бірлігі мен тұрақтылықты одан ары сақтау – «Нұр Отанның» ең басты міндеті болып қала бермек.

Еліміздің рухани орталығы саналатын Алматы қаласының көпұлтты тұрғындарының үштен бірі жастар – жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері. Күн сайын өсіп-өркендеп келе жатқан қаламыздағы жұрттың көңіл-күйі өте жақсы.

Біз Тәуелсіздік алған жылдардан бергі және осының алдындағы сайлаудан кейінгі қол жеткізген осынау жарқын жетістіктерді, ұлттық экономикамыздағы биік өрлеуді, мегаполисміздегі ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқан тұрғындырдың әл-ауқаты мен тұрмысының жақсаруын сайлаудың насихаттық кезеңінде тиімді пайдалануды көздеп отырмыз. Алматылықтардың құрылымдық жас ерекшеліктерін ескере отырып, жастардың жан-жақты білім алуына, жаңадан жұмыс орындарының ашылуын «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы ерекше назарда ұстайды. Бүгінгі қиын кезеңде жүзеге асырылып жатқан жетістіктердің барлық игілігін барлық алматылықтар көреді, сондықтан өздеріне жасалып отырған игі саясатты олар да жан-жүрегімен барын салып қолдайды.

Депутаттық фракцияның бір отырысында алматылық аналардың атынан қала әкімі Бауыржан Байбекке бала бақшаға төленетін төлемақыны төмендету туралы ұсыныс жасадық. Қала басшысы көп кешіктірмей жергілікті бюджет есебінен қосымша 3 млрд теңге қаржы бөліп, мемлекеттік бала бақшаларадағы төлемақының төмендеуіне ықпал етті.

Қоғамдық көлікке жалпы жұрт 80 теңге төлейтін болса, зейнеткерлер мен студенттер қазіргі уақытта40 теңгелік жеңілдікке ие болды.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше күтімді қажет ететін жандарға жыл сайын жергілікті бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Ең бастысы, әлеуметтік қолдауды әрбір 43 мың мүгедектің әрқайсысы жеке қабылдайды. Мыңнан астам мүгедек балаға арнайы әлеуметтік қызмет өз үйлерінде көрсетіледі, 5 мыңнан астам адам медициналық- әлеуметтік мекемелерде және күндізгі орталықтарда болады.

Бүгінгідей жауапты сәттерде гүлденген елімізбен бірге, әсем Алматымыздың өсіп-өркендеуіне, қарапайым тұрғындардың жағдайының жақсарыуына әріптестерімніңқосар үлесі арта беретініне сенімдімін.

***

Асылхан Төлепов, жас актер, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы фракциясының мүшесі

Жастар – ел болашағының тірегі

«Нұрлы Жол бағдарламасында«Жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы кез»деген жалынды жолдар бар.

Мемлекет жастарға құр сенім артып қана қоймай, олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына, мамандықтарды игеруіне бар мүмкіндіктерді жасап келеді. Бұл ретте, Алматыда еліміздегі жастардың басым бөлігі шоғырланғанын естен шығармаған жөн.

Алып шаһарымыздың барлық тыныс-тіршілігіне белсенділікпен қатысатын жастар өнер мен мәдениетте, білім мен ғылымда, спортта үлкен жетістіктерге жетіп, ел мерейін көтеруде. Мысалы, спорттың әр түрінен халықаралық талаптарға сай әлемдік жарыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қаламыздың алдағы 2017 жылғы Универсиаданы ойдағыдай өткізетінінің кепілі.

Жастар ісі партия тарапынан да қолдау табуда. Биылғы жылы партияның «Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы аясында Алматы қаласынан 132 үміткер жобаға қатысып, оның 60-сы республикалық кезеңге өтті. 5 жас маманымыз Астана қаласындағы инновациялық жоғары оқу бағдарламасымен білім алу жолдамасын жеңіп алды. 3 үміткеріміз Республикалық кадрлар резервіне алынды.

Жоғары оқу орындарын бітірушілердіжұмысқа орналастыру бағытындағы «Сәтті қадам» жобасы бойынша партияның Алматы қалалық филиалында 150жас маман іріктеуден өткізілді. Жоба аясында сыннан сүрінбей өткен 50үміткер қаладағы мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компанияларда кәсіптік тәжірибеден өтуге жіберілді. Бұл жақсы дәстүр партия мен Кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған Меморандум негізінде болашақта да жалғасады деп ойлаймыз.

«ЦЛИ SBmed», «SВS Ассистант» «Ақсай НАН» сияқты 38 кәсіпорын мен мекемелер 800-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынып, жастарды тәжірибе жинақтау үшін, біліктіліктерін шыңдай түсу үшін сынақ мерзіммен көмекшілік жұмыстарға орналасуға мүмкіндік жасады.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектеп бітірген соң жоғары білім алуын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік білім беру жинауқтау жүйесі арқылы салым салу акциясы өткізілді. Республика бойынша 3000 балаға салым салу көзделсе, Алматыда 118жетім балаға есеп шот ашылды.

Бұдан басқа, «Жас Отан» жастар қанаты мен «Болашақ» Ассоциациясы бірлесіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «25 мейірімдііс-шара»жобасын жүзеге асырды, ардагерлердің үйлеріне барып, тұрмыстарын зерттеді, арнайы тіркеуге алды. Аудандық әкімдіктермен бірлесіп, азық-түлік көмегін көрсетуді ұйымдастырды.Қалалық әкімдіктермен бірге «Таза мекен» акциясын жүргізіп, Медеу шатқалы, Есентай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің жағалауларын тазартуға студент жастарды жұмылдырды. Қала көшелеріне 75 мың дана жасыл желек отырғызуды ұйымдастырды. Жастар болашағымыздың тірегі екенін осындай жарқын істері арқылы көрсетіп келеді.

***

Сергей Козлов, Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясының  жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі, қоғамдық кеңестің төрағасы

Бірнеше жылдан бері «Нұр Отан» партиясы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» атты жобаны жүзеге асырып келеді. Осы арнадағы жұмысты күшейту мақсатында Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік кеңесі Алматы қаласындағы ШОБ-тің қарқынды дамуын тұрақты қадағалауда ұстайды. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылдығымен қабылданған бағдарламалар негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша басымдық берілген.

Мысалы, «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде 2016 жылдың өзінде 136 жоба енгізіліп, қала әкімдігі тарапынан 13 миллиард теңге қолдау көрсетілді. Соның нәтижесінде қосымша 2 700жұмыс орны ашылды.

Қаламызда республикалық үлкен сұранысқа ие өнімдер шығаратын шағын кәсіпорындар көбейіп келеді. Соның бірі – жиһаз, ағаш және темір есіктер, терезелер сияқты түрлі металл құрылғылар жасайтын «AGS құрылыс индустрия» жеке шағын серіктестігі Алматы қаласының 2015-2019 жылдарға арналған «Индустрия картасына» енгізлді. Жылына 2,5 мың тонна полиэтилен қаптама шығаратын жаңа цех қаламыздағы барлық жылу магистральдерін қайта жасауға толық мүмкіндік береді.

Бұдан басқа «DUAL-SP», «HundaiTransAuto» және «Үркер АШ» жеке шағын серіктестіктері қатарымызға қосылды. Бұл төрт жобаның жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайды, әрі 208 адамға тұрақты жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта «Индустрия картасы» бойынша шаһарымызда 6364 тұрақты жұмыс орны болатын, жалпы сомасы 100,5 млрд. теңгені құрайтын, 43 жоба жүзеге асатын болады.

«Мықты бизнес - қуатты мемлекет» жобасы аясында Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қолдау, отбасылық бизнесті алға бастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Биылғыжылы «Масло-Дел»ЖШС 2 млрд 500 млн. тг («ҚазақстанХалық банкі»), ИП «МұратТолыбаев» 5 млн. тг («KassaNova» банкі), «Тұлпартакси»ЖШС 157 млн. тг («Сбербанк» АҚ ЕФбанкі) кепілдендірілген несиеге ие болды. Сондай-ақ, «Компания Балхан» ЖШС 55 млн. тг көлеміндегінесиеге «Сбербанк» АҚ ЕФ бан кітарапынан келісімін алды, қазіргі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының шешімн күтіп отыр.

Бизнес тақырыбында 30-дан аса семинар кеңестер ұйымдастырылса, отандық кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Қазақстандық өнімді таңдаймыз» тақырыбында 6 рет акция өткізілді.

Сонымен қоса, партия өкілдері мен құқық қорғау органдары бірлесіп, «Әділет кеңес береді» акциясы бойынша тұрғындарға құқықтық көмектер көрсетіп келеді.

«Айқын тариф» партиялық жобасынатоқталайық.Көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары, пәтер иелер кооперативінің қызметі, тұрғын-үй шаруашылығы саласын модернизациялау – тұрғындар үшін аса маңызды сауалдар. Адамдар суға, газ бен жылуға не үшін ақы төлейтіндерін білгісі келеді. Сондықтан, «Нұр Отан» партиясы бастап, мемлекеттік органдар, «Алматы электр жүйелері», «Алматы Холдинг су», «Алматы газ жүйелері» сияқты компаниялар тарифтік бағалардың өсуін қадағалап, халыққа түсіндіріп келеді.Есепті кезеңдекоммуналдық қызмет көрсету субъектілері, пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың қатысуымен 14 жиын өткізілді.Барлық ұсыныстар мемлекеттік құзырлы органдарға шешім қабылдау үшін жолданды. Қазіргі дағдарыстық себептерге сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіле бермек.

Гүлхана Адаева, көп балалы ана «Нұр Отанға» ата-аналар алғысы шексіз

«Нұр Отан» партиясының «Мектепке жол» акциясы біз сияқты 30 мың теңге әлеуметтік зейнетақыға қарап отырған менің отбасым үшін үлкен көмек. Сондықтан, балаларға тікелей қамқорлық жасауды тапсырған Ел-басына, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырушыларға ата-аналар атынан рақмет айтамыз. Мәселен, 2015 жылы Алматы қаласында 318 026 оқушы мектепке қажетті заттармен, құрал-жабдықтармен қамтылды. Биыл да осы көрсеткіш орындалды.

Соның бір-екі мысалын айта кетейін, Әуезов аудандық филиалы әлеуметтік жағдайы нашар 62 отбасына мектеп сөмкелері мен оқу құ-ралжабдықтары табыстады. Алмалы аудандық филиалы және «S-master» компаниясын Ә.Шәріпов атындағы №16 мек¬теп¬тің 10 оқушысына мектеп формалары, аяқкиімдер, оқу құрал-жабдықтарын тар¬ту етті. Жетісу аудандық филиалы тұрмысы төмен 20 балаға материалдық қолдау көрсетсе, Бос¬тандық аудандық филиалы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 14 балаға мектепке арналған киім мен қажетті оқу құралдарын тапсырды.

«Өзгеге қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көрерсің» деп дана бабаларымыз айтқандай, көңілі дархан, пейілі кең жанашырлық шарапат көрген ата-аналардың атынан «Нұр Отанға» ризашылық сезімімді білдіремін.

Қайым-Мұнар Табеев, 

“Нұр Отан» партиясы

Алматы қалалық филиалының 

баспасөз хатшысы

T. Кіршібаев