- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- 42 500 теңгені...
42 500 теңгені кімдер алады?
ҚР Еңбeк жәнe xaлықты әлeумeттiк қoрғaу миниcтрі Біржан Нұрымбетов Мeмлeкeттiк әлeумeттiк caқтaндыру қoрынaн жaңa әлeумeттiк төлeм тaғaйындaлaтын aзaмaттaрдың тiзiмi кeңeйгенін жәнe oны тaғaйындaу шaрттaры жeңiлдeтiлгенін мәлімдеді.
42 500 теңге кімге төленеді?
– Жалдамалы қызметкерлер (орта және шағын бизнесте ақысыз демалысқа шыққандар). Карантин жарияланған қалаларда ірі кәсіп қызметкерлері де жатады;
– Жеке тұлғалар немесе өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Олардың ішіне жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен (нотариус, сот орындаушысы, медиатор және т.б.) айналысатын тұлғалар кіреді;
– Азаматтық құқықтық сипатта жұмыс істейтіндер;
– Фрилансер;
– Бірыңғай жиынтық төлемін кемінде бір мәрте енгізген азаматтар.
Жәрдемақы алу үшін не істеу қажет?
Ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Жұмыс берушілер қызметкерлерінің тізімін жасап, өтініш береді. Төтенше жағдайда табыстан айырылғаныңызды дәлелдеудің керегі жоқ. Өтінішті электрон форматта өткізудің үш жолы бар:
– egov.kz сайты арқылы өтініш жасау;
– 2 сәуірде арнайы ашылатын сайт арқылы. Өтініш беру үшін ЖСН, банктегі жеке шотын, телефон нөмірін енгізіп, растау үшін келген SMS-кодты жазу керек;
– Telegram мессенджерінде арнайы ботқа ЖСН мен есепшот енгізіп, өтініш толтырасыз.
Бейресми жұмыс істеген тұлғалар
Ешқашан әлеуметтік төлем жүргізбей, бейресми жұмыс істегендер Бірыңғай жиынтық төлемді (қалалық тұрғындарға 2 651 теңге, ауыл тұрғындарына 1325 теңге) бір мәрте енгізіп, өтініш жасаса, атаулы әлеуметтік көмекті ала алады.
Жәрдемақыны алудың жолы:
1-қадам: Банктердің мобильдік қосымшалары арқылы жиынтық төлемді аудару;
2-қадам: 5505 нөміріне қала тұрғыны латын әріптерімен GORODESP, ауыл тұрғыны SELOESP деп жазып ЖСН-ді белгілеу;
3-қадам: Төлем қабылданған соң қаралып, атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндік болады;
4-қадам: Жәрдемақы 3 күн ішінде есепшотыңызға түседі.
Жұмыстан шығып қалған қызметкерлер не істейді?
Жұмыстан шығып қалған қызметкерлерге Мемлекеттік сақтандыру қорынан 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем беріледі. Әлеуметтік төлем – жұмысшы жалақысының 40 процентін құрайды.
Ол үшін Электронды үкімет порталында "Жұмыспен қамту" бөліміндегі "Жұмыс іздеушілер" тізіміне тіркелесіз. Өтініш үш күн ішінде қаралып, әлеуметтік төлемнің мөлшері тағайындалады.
А. Рысдәулет