- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- 100 қадам: Сүт...
100 қадам: Сүт өндірісін дамыту
Қазақстан тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде жас мемлекет үшін айтарлықтай үлкен жетістіктерге жетті. Мұндай қарқынмен дами отырып, ел әлемнің саяси сахнасында өзіндік орнын тауып қана қоймай, сол орында ғасырлар бойы тұрақтай алардан қауқары бар. Бұл, әрине, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отқан сарабдал саясатының нәтижесі екені анық. Оған қоса, бірлесе көтерген жүктің жеңіл боларын санасына берік бекіткен халық Елбасының әр қадамын қолдап, бастамаларын жүйелі түрде іске асыруға күш салып келеді.
Осындай жаппай қолдау тапқан жолдамалардың бірі – "Ұлт жоспары: бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам". Біз осыған дейін оны халыққа насихаттау мақалаларын жазып келеміз. Соның нәтижесінде осы 100 қадамның көптеген пункттеріне тоқталып өттік.
Енді бүгінгі мақаламыз "Ұлт жоспары: бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның" 60-шы қадамы туралы болмақ.
Бұл бөлім "60-қадам. Сүт және сүт өнімдерін өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту" деп аталады. Бұл біздің ұлан байтақ жерімізде мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мен фермерлерге қолдау көрсетіп, олардың кәсібін дамытуға ықпал ету үшін жасалған бетбұрыс болмақ.
Қазақстанда халықтың басым бөлігі осы мал шаруашылымен және де егістік алқаптарды игерумен айналысады. Әлемдік сауда-саттық аренасына да өзіндік өнім шығаруда олардың алатын орны мен тигізетін әсері зор болмақ. Таза әрі құнды өнімді жоғары дәрежеде көрсете білу де аса маңызды қадам.
Осы 60-шы қадамға қатысты бекітілген негізгі міндет үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету болып отыр. Бұл дегеніміз, өзімізбен көршілес елдерден шетке шығарылатын сүт өнімінің 50 пайызын, уақыт өте одан да көп бөлігін өзімізден сатуды көздейді.
Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Fronterra – Жаңа Зеландияда орналасқан ірі сүт өнімі компаниясы. Бұл шамамен 10000-ға жуық жаңазеландиялық фермерлерді қамтитын кооператив. Компания әлемдегі сүт өнімдерінің шамамен 30%-ын құрайды. Fonterra компаниясының кірісі 17,2 млрд жаңазеландиялық долларды құрайды.
Fonterra компаниясының төрағасы Джон Уилсон "Компания 21 жылдық тарихында ең кішкентай сүт өндіру орындардың бірі болғанына қарамастан, біздің кооперативіміздің сүт өнімдеріне деген өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қанағаттандыруға қабілеттілігін сақтап қалуды көздейді" деді.
Ал, екінші бізге солсілтеуші болмақ компания Arla Foods деп аталады. Бұл сүт өнімдерінің (Скандинавиядағы) ең ірі өндірушісі даниялық компаниясы. Штаб пәтері Орхус қаласында (Дания) орналасқан.
2000 жылы көктемде даниялық MD Foods және Швециялық Arla компаниясын біріктіру нәтижесінде пайда болды. Бұл кооперативке Швеция мен Даниядағы 10 600-ға жуық сүтті өндіруші тиесілі.
Яғни, "Ұлт жоспары: бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның" 60-шы қадамында жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы осы жоғарыда атап өткен жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылуын талап етіп отыр.
Бұл мәселеге қатысты проблемалар қатары да жоқ емес. Мысалы, өте сапалы сүт пен сүт өнімдерін жасау үшін мал шаруашылығына тежеуші факторлардың бірі жемшөп саласының дамымағандығы.
Мұнда әңгіме жалпы жеткілікті азықтың мөлшерінде емес, шырынды және құнарлы азықтардың жеткіліксіздігінде болып отыр. Қазіргі таңда осы өсуді ынталандыру бойынша қосымша шаралар қабылдануда.
Сүт өнімін беретін ірі қара мал басының басым көпшілігі жұртшылық шаруашылығының үлесіне келгендіктен, сәйкесінше сүт өндірісі де осы санаттағы шаруашылықтарға тиесілі.
Қазіргі кезеңде сүт өндірісі бағытындағы ірі қара мал шаруашылығының басым бағытының бірі – өндірістің жоғары өнімділіктегі жаңа технологияларын пайдалану болып табылады.
Жаңа энергияны, яғни, жұмсалатын күш-қуатты, онымен қоса ресурсты үнемдейтін технологиялар елдің технологиялық және азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оның табысты экономикалық дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл стратегиялық инвесторлар тартуды да ыңғайландырады.
Сонымен, қорыта келе, біз бірлесе жүзеге асырғалы отырған Ұлт Жоспарының бұл пунктінің маңызы қаншалықты зор екені айтпаса да түсінікті. Әрине, халық әл-ауқаты мен жағдайын арттыру үшін қаражаттың қоры көп болғаны абзал. Осы орайда экспортталған өнімдер кірістің негізгі көзі болмақ. Ендеше, сүт өнімдері біздің елден шығарылатын бірден бір сапалы сауда нысаны болары анық.
А. Оралқызы