Планетаның көшін бастап келе жатқан елдер қатарына қосылу жолында Елбасымыз теңдессіз ұлттық жоспар құрды. Оны жүзеге асыруға арналған шаралар тізбегін де айқындап берді. Яғни, Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша100 нақты қадам Ұлт жоспарынұсынды. Әрине, бұл өз нәтижесін міндетті түрде береді. Десе де, жаһандану заманында кез-келген мақсатты қарқынды түрде жүзеге асырудың маңызы зор. Уақыт күтпейді. Осы орайда, Қазақстан капиталына келіп құятын шетелдік инвестициялар ағының көбеюіне ұмтылу қажет. Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастырады.Инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі жұмыстармен өңдеуші өнеркәсіптің, инфрақұрылымдардың, энергетиканың және басқа отандық компаниялардыңқайта инвестициялау арқылы терең жаңғыртуға жататын кәсіпорындар,трансұлттық корпорациялардың әлеуеті пайдаланылатын кәсіпорындар,зәкірлі инвесторлар үшін жоғары нарықтық бәсекелі кәсіпорын мен экспорттық брендтер секілдітоптар қамтылатын болады. Әлемнің дамыған елдерінің бұл жолға тез арада, қарқынды түрде жетуі біз әңгімелеп отырған шетелдік инвестиция ағынын тартумен тығыз байланысты екені құпия болудан қалған. Осы орайда үздік елдер тәжірибесін өзімізге оңтайластыра пайдалануымыз - Ұлт Жоспарының жүзеге асуына үлкен көмек.