Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ең соңғы аталған міндеттердің бірі «100 жаңа есім» жобасын көтеру болатын. Бұл әрине біріншіден кімдердің есімі және оларға берілетін баға қандай болмақ деген сұрақтарды туындатады. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы» міне бұл елбасы айтып отырған жобаның ерекшелігі.
Мақалада көрсетілгендей жобаның атқаратын үш үлкен қызметі бар:
1. Ақылмен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту;
2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің мультимедиалық алаңын қалыптастыру;
3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
Аталған үш қызмет бойынша қазірдің өзінде өңірлік тапсырмалар қолға алынып, іріктеу жұмыстары басталып кетті. Әр аймақтан шыққан тұлғалар, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, саясаткерлер мен ақын-жазушылар, елдің бүгінгі күні мен ертеңі үшін еңбек етіп жатқан қайраткерлердің осы тізімде екені анық. Солардың ішінен халықтың таңдауы арнайы комиссияның шешімімен жүз жаңа есімді анықтау маңызды.
«100 жаңа есім» жобасы негізінде түрлі шаралар мен конкурстар ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер өтіп жатыр. Бұл жаппай халық болып қолдау тауып жатқан жобаға деген түсініктің дұрыстығы. Яғни әркім өз ауданының қайраткеріне көмектесуге дайын деген сөз. Жобаның мәніне қарап отырып бір нәрсені жақсы түсінуге болады: біріге отырып жұмыс жасау арқылы, шынайы еңбекқор адамның еңбегін бағалау арқылы оған қолдау көрсету, ұйымшылдық пен бере-бірлікке шақыру.
Тасада қалып танылатын таланттар қанша ма. Бұл жоба осы негізде таптырмас мүмкіндік. БАҚ арқылы оларды таныстыру, қоғамға көрсету, еңбектерін жарыққа шығару, насихаттау керек. Бұл арттан еріп келе жатқан жас буын, ұрпақ үшін үлкен күш-жігер болатыны сөзсіз. Тәуелсіздік жылдарынан кейін аз уақыт ішінде үлкен жетістікке жеткен жастар да аз емес. Осы жаңа есімдердің қатарында жас буындардың да болуы маңызды. Бұл сөзіміз анық болу үшін елбасының мақаласындағы мына бір жолды көрсетсек: «Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек».
«100 жаңа есім» жобасының қола алынып, жанымызда жүрген жақсы адамдарға мүмкіндік беру үшін ел болып, аймақ болып, аудан болып күш салуымыз керек. Еңбектің жасалғаны бір бөлек, оның бағалануы бір бөлек әңгіме.