Елбасы Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр..., деген еді. Осыған орай былтыр бірінші рет өткізілген Республикалық 100 жаңа есім жобасы биыл тағы да өз жалғасын таппақ. Бүгін үміткерлерден өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтылды.Жаңа есім жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған жобаның биылғы ерекшеліктеріне келсек, үміткер өзін ұсынуға және үміткерді ұйым атынан ұсынуға болады. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне басымдық берілетіні айтылды.Жүз жаңа есім жобасының мақсаты табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау. 100 жаңа есім жобасы Қазақстанда ерекше талантты және тұлғалық сипатқа ие адамдарды іздеп, жобаға белсене қатысуға шақырады. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз дара жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған.Оған қатысу үшін төмендегі ережелерді сақтау керек:үміткердің кәмелет жасқа толған болуы (18);қызмет саласында елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерінің, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;үлгі алуға лайық, жастарды патриоттық және туған жерге адалдық рухында тәрбиелеуге, еңбек культін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық-саяси және еңбек қызметінің болуы;Қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесінің болуы.Қазіргі Қазақстанның, оның табыстары мен түрлі саладағы жетістіктерінің жарқын үлгісі бола алатын тұлға;Тағы да айта кетерлігі, өткен жылғы іріктеу кезеңінен өтпей қалған үміткерлер биыл тағы да өтінім беруге құқылы. Өтінім осы жылдың қазан айының ортасына дейін100esim.el.kzсайты арқылы қабылданады, одан әрі қараша айы бойы онлайн дауыс беруге жалғасады.100 жаңа есім жобасының жаңа маусымын ашық деп жариялаймыз. Үміткердегі таңдауда қойылатын басты талап, ол адамның тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосуы. Үміткерлерді анықтауда әділқазылар алқасы болмайды, лайықты деген азаматты не азаматшаны халық дауыс беру арқылы өзі таңдайды, - деді Қазконтент АҚ-ның басқарма төрағасы Евгений Кочетов.Өткен жылы аталған жобаға 2 мыңнан аса өтінім қабылданды, оның 302-і іріктеу кезеңінен өтіп, 102 үміткер Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы атанды.