Ярослава Шведова Бразилия жерінде өтіп жатқан WTA Brasil Tennis Cup додасының жұптық сайысында финалға шықты.
Барзилияның Флорианополисе штатында өтіп жатқан жарыста отандасымыз испандық теннисші Анабель Медина Гарригеспен жұптасып, жартылай финалдық кездесуде венгр Тимеа Бабош пен жапон қызы Кимико Дате-Крумм жұбын 6:3, 4:6, 10:5 есебімен жеңді.
Енді Шведова мен Медина Гарригес жұбы финалдық кездесуде британдық Энн Кеотавонг пен ресейлік Валерий Савиныхпен күш сынасатын болады. Бұл жұп өз кезегінде жартылай финалдық кездесулерінде Кристина Барроис пен Татьяна Малектен 6:4, 4, 1:6, 10:6 басым болған.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz