"Вуэльта - 2013" велокөпкүндіктің жолдары белгілі болды

"Вуэльта - 2013" велокөпкүндіктің жолдары белгілі болды

Велоспорттан Испания жерінде өтетін «Вуэльта» жарысының 2013 жылғы жүріп өтетін жолдары белгілі болды.

Спортшыларға жүріп өтетін жолдарды таныстыру рәсімі Испанияның Виго қаласында өтті. 2013 жыл бұл 21 кезеңнен тұратын жарыс 24 тамыз күні Вильянуэва-де-Ароса және Санхенхо арасындағы 27 шақырымға созылатын жекелей спринтерлік бағдарламамен басталады. Ал жарысты спортшылар 15 қыркүйек күні Испания астанасы Мадрид қаласында аяқтайтын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы «Вуэльта» велокөпкүндігінде 13 таулы кезең болады екен. Енді велошанбандоздар бұл бағыт бойынша Испанияның 76 пайыз таулы аймақтарын аралайтын болады.

Сондай-ақ, спортшылар жарыстың он бірінші кезеңінде 38 шақырымға созылатын тағы бір жекелей спринтерлік жолдан өтетін болады. Ал жалпы жарыс жолының ұзақтығы 3,3 мың шақырымға тең келеді. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН