Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Римде өтіп жатқан "Мастерс" турнирінде американдық Серена Уильямстан жеңіліс тауып, жарыстан шығып қалды.
Воскобоева мен Уильямс Internazionali BNL d’Italia дара разрядының алғашқы айналымының матчында кездесті. Ойын 6:2, 6:3 есебімен АҚШ теннисшісінің пайдасына шешілді. Спортшылар кортта 1 сағат 10 минут текетіресті.
Келесі раундта кіші Уильямс пен ресейлік Надежда Петрова кездесетін болады. Айта кетелік, бұған дейін Надежда Чехия елінің спортшысы Андреа Хлавакованы жеңген болатын.
Естеріңізде болса, бұдан бұрын еліміздің бірінші ракеткасы Ксения Первак ресейлік Анастасия Павлюченковадан ұтылып, турнирден шығып қалып еді. Қазір сайыста біздің бір де бір спортшымыз өнер көрсетіп жатқан жоқ.
сурет: gotennis.ru (Серена Уильямс)