Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева "Ролан Гаррос" жеке разрядынан шығып қалды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
WTA рейтінгісі бойынша, 49-орында тұрған Воскобоева негізгі кестенің бастапқы матчында америкалық теннисші Ваня Кингтан жеңіліс тапты. Ойын америкалықтың пайдасына 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Ресейлік Вера Звонарева иық жарақатының әсерінен бәйгеден шығып қалғандығын да естеріңізге саламыз. Ол алғашқы айналымда венгрлік Тимея Бабошпен бақ сынасуы керек еді. Енді оның орнын чемпионатта бағын сынап жүрген тағы бір қазақстандық спортшы Сесиль Каратанчева басатын болады. Естеріңізде болса, қазақстандық спортшы қыз 2005 жылы "Ролан Гарроста" 15 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы бәйгеде ширек финалға дейін барып еді.
сурет: gotennis.ru