WBA нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы Николай Валуев рингтен кетуінің шын себебін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшының ағынан жарылған сұхбатын «Спорт-Экспресс» басылымы жариялапты. БАҚ-тың хабарлауынша, боксшының басынан ісік табылған. Осылайша ісікті кесіп тастау үшін 5 сағаттық ота жасалған.
Айта кетелік, бұған дейін Валуевтың спорттан кетуінің себебі ретінде иық пен қол буынындағы жарақаты мен саясатқа деген махаббатының оянуы себеп болды деген ақпарат тараған еді. Боксшы рингке ең соңғы рет 2009 жылдың қараша айында шықты. Спортшы британдық Дэвиду Хэюден жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылып қалған болатын.
Саясатқа ауысқан спортшылар туралы мына жерден оқып біле аласыздар.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: lichnosti.net