Үш чемпионымыз Азияның үздік спортшылар тізімінде

Үш чемпионымыз Азияның үздік спортшылар тізімінде

Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары - Зулфия Чиншанло, Илья Ильин және Ольга Рыпакова Азия құрлығының үздік спортшылар қатарында.

Азия Олимпиада коммитеті жыл сайын құрлықтағы ең үздік он әйел және он ер спортшыны марапаттайды. Биыл бұл тізімде елімізден үш бірдей спортшы бар екен. Олар -  ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары Зулфия Чиншанло, Илья Ильин және жеңіл атлетикадан «Гауһар Лига» мен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакова. Өкінішке орай бұл тізімде Лондон төрінде бокстан 69 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген, Вел Баркер кубогінің иегері Серік Сәпиев жоқ.

«Кеше Макаода олимпиадалық балл өтті. Азияның мықты спортшылары қатысты. Ал кешкісін марапаттау рәсімі болды. Шыны керек, мен үздік 20 спортшының қатарына енгенімді Сіздерден естіп отырмын. Бізге әлі ештеңе айтқан жоқ. Бәрі құпия сақтаулы. Марапаттау рәсіміне Зулфия Чиншанло екеуміз қатыстық. Ал Илья Ильин келген жоқ», – дейді Ольга Рыпакова «Аламан» спорт порталына берген сұхбатында.

Азия үздіктері:

Ерлер:

Илья Ильин (ауыр атлетика, Қазақстан)
Артур Таймазов (еркін күрес, Өзбек­стан)
Бехдад Салимикордашиаби (ауыр атлетика, Иран)
Чен Дин (спорттық жүріс, Қытай)
Хамит Сороян (еркін күрес, Иран)
Джин Джон (нысана көздеу, О.Корея)
Кохей Учимура (спорттық гимнастика, Жапония)
Риота Мурата (бокс, Жапония)
Ким Ун Гук (ауыр атлетика, С.Корея)
Сун Янь (жүзу, Қытай)

Әйелдер:

Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика, Қазақстан)
Зулфия Чиншанло (ауыр атлетика, Қазақстан)
Ки Ба Бэ (садақ тарту, О.Корея)

Им Джи Ен (семсерлесу, О.Корея)

Каори Ите (әйелдер күресі, Жапония)
Каори Мацумуто (дзюдо, Жапония)
Ан Кум Ае (дзюдо, С.Корея)
Ли Сяося (үстел теннисі, Қытай)
Ли Суэжюей (бадминтон, Қытай)
Ие Шивэн (жүзу, Қытай)

 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: megapolis.kz

Ю. НИКУЛЛИН