- Негізгі бет
- Маккала
- Универсиададан қалған спорттық...
Универсиададан қалған спорттық нысандар қаңырап қалмайды
Міне, дүбірімен дүйім елді еліткен XXVIII дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының аяқталғанына да біраз күннің жүзі болды. Еліміздің тарихында тұңғыш рет аламанда Қазақстан 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медаль (барлығы 36 медаль) жеңіп алып, жалпыкомандалық екінші орынды жеңіп алуы - тарихи жеңіс.
Қазіргі таңда қысқы спорт түрлері бойынша қазақстандық сортшыларың жеткен жеңістері мен тамаша көрсеткіштері әлемдегі қысқы спорт түрлерінен көшбасшы елдердің біздің елге деген көзқарасаның жақсара түсуіне себеп болды. Ірі спорт державаларының Қазақстанмен санасып, мойындай түсуінің өзі еліміздің мәртебесін арттыра түскені сөзсіз.
Енді ұлы дүбір тынышталып, өмір өз арнасына түскен сәтте ел спортының болашағы мен Универсиадаға арналып салынған, қарасаң көз тоймас су жаңа ғимараттардың жағдайы не болады? - деген сұрақ туындайтыны рас.
Ол спорт кешендері енді кім үшін қызмет етпек? Қарапайым халықтың қысқы спорт түрлерімен осы ғимараттарға келіп айналысуына қаншалықты мүмкіндік жасалған? - деген көкейкесті мәселелердің түйінін қарастырып, маңызды сұрақтарға жауап іздеп көрсек.
Ия, Оңтүстік астанамызда әлемдік стандартқа сай салынып қолданысқа беріліп отырған хан сарайындай «Halyk Arena» мен «Аlmaty Arena» спорт орындары мамандардың айтуынша, келешекте жалпы қала тұрғындарының спорттың қалаған түрімен айналысуына қызмет етеуге дайын екен.
Айталық, «Аlmaty Arena» -да 12 мың адамға орын есептелген болса, «Halyk Arena» - да 3 мың адамдық орын бар. Ал, Атлетикалық ауыл 5 мың адамдық орынға есігін айқара ашып отыр. Айта кетер бір жәй, көрікті қаламыз Алматыдағы Алатау ауданында байрақты жарысқа арналып бой көтерген Атлетикалық ауыл Универсиада тарихында спортшыларға арнайы салынған бұрын соңды болмаған тұрғын - жай.
«Универсиада мұрасы» - атты жаңа жобаның аясында Атлетикалық ауылдағы 140 мың аса тұрмыстық заттар мен арнайы техникалық қондырғылар Алматы шаһарындағы 500-ге тарта әлеуметтік мекемелерге таратылып берілді. Бұл да бір игілікті әрі сауапты істің бірі болғаны сөзсіз. Медициналық қондырғылар мен кеңсе техникалары қалалық ауруханаларға, мектептерге, емханаларға, балабақшаларға, спорт мектептеріне, жатақаналарға және ардагерлер үйлеріне жеткізілген. Міне, көптің көңілінде жүрген бұл мәселе де өз шешімін орнымен тапты. Қаншама әлеуметтік орындар жаңа заттармен толығып жарқырай түсті. Айтпақшы, атлетикалық ауылда 5000 орын бары белгілі еді. Енді ол мәселеге де нүкте қойылды. Ол тұрған жайлар енді жоғарыдағы «Универсиада мұрасы»-атты жаңа жобаның аясында шаһардағы жылдар бойы үй алуға кезекте тұрған мұхтаж жандарға ретімен бөлініп берілетін болады. Осындай халық үшін жасалынған жағымды жақсылықтарды Универисада ойындары тарту етті деп айта аламыз.
Ал, енді Универсиадаға арналып салынған спорт сарайлары жайлы тарқата айта кетейік. Қала тұрғындарының көкейінде жүрген тағы бір өзекті сұрақ расыменде сол хан сарайындай салынған кешендердің жай-күйі екенінін жақсы білеміз. Зәулім спорт кешендердің іші жарыс өткеннен кейін, қаңырап бас қалмасы белгілі еді. Ал, сол ғимараттардың ішін спортқұмар халыққа толтыру үшін жаттығу бағасын аспандатпай, қалта көтеретіндей етіп қойса ғана бұқара халықтың спортқа деген ынтасы арта түсері хақ. Сол себептен осы сауалға мамандардың пікірін тыңдағанды дұрыс көрген едік.
Универсиада-2017 дирекциясы директорының орынбасары Дидар Сағадиевтің мәлімдеуінше, аталмыш аламанға арналып салынған спорт кешендерінің барлығы дерлік, қарапайым халықтың игілігіне қалып жұмыс істейтін болмақ. Қысқы спорт үйірмелеріне балаларын бергісі келген ата-аналар үшін спорт кешендерінің есігі ашық екенін жария ете келе, жаттығам деушілерге қойылатын баға да қалта көтеретіндей екенін Дидар Сағадиев тілге тиек ете кетті.
Ендеше уақыт өте оны да көре жатармыз. Әзірге осы универсиада аяқталғаннан кейін, қала тұрғындарының қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықтары екі есе арта түскенін байқап отырмыз. Мысалы, мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен, Айза Имамабек, фристайлдан Жанбота Алдабергенова, Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, шорт-тректен Абзал Әжіғалиев бастаған қаракөз жүйріктеріміз, биатлоннан Галина Вишневская, Алина Райкова секілді алтын жүлделі ұл-қыздарымыздың жарқын жеңістерін екі апта бойы көріп тамашалаған қазақстандықтардың қысқы спортқа деген сүйіспеншіліктері оянып, қызығушылықтары арта түскені анық.
Ибн Сина «Ден шынықтыру жаттығуларымен айналыссаң, дәріге пысқырып та қарамайсың» - деген екен. Денсаулығын қадағалап, спортпен айналысып қозғалыста жүрген адамға ауру да жоламайды. Адамның бақытты болуының оннан тоғызы денсаулыққа байланысты екен.
Олай болса, денеміз сау, жанымыз таза болсын десек, осы бір ел игілігі үшін салынған ғаламат спорт сарайларының жанынан айналып өтпей, ішіне еніп, спортқа денсаулыққа көңіл бөлгеніміз ләзім болар.
Келесі Универсиада ойындары екі жылдан кейін, Ресейдің Красноярск қаласында жалауын қайта жебіретеді. Кім білсін, осы жолғы байрақты жарыста бағы жанбай қалған спортшыларымыз сол Ресей жеріндегі Универсиада ойындарында толағай табыспен қуантар деген сенімдеміз.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ
О. Сансызбай