УЕФА ойын соңындағы пенальтиге қарсы

УЕФА ойын соңындағы пенальтиге қарсы

Әлемдік футбол қауымдастығының президенті Зепп Блаттер ойын соңындағы пенальтиді алып тастау жөнінде ұсыныс жасады.

Анығы, Блаттер УЕФА-ның футболдың дамту жөніндегі комитетінің басшысы Франц Беккенбауэрге ұсыныстар жасады. Ол ұсыныстар бойынша, комитет басшысы пенальти орнына жүзеге асатын, кәдеге жарайтын басқа, тиімді әдіс ойлап табуы қажет. Керек десеңіз, 2014 жылға дейін уақыт та берді. 

УЕФА президентінің ойы бойынша, ойын соңындағы пенальти команданың рухын құртып тынады-мыс. Онысы түсінікті де. Бұған талай мәрте көз жетті. Ойын соңында лотереядан ұтылып қалған командалардың жігері құм болып, салы суға кетіп қайтқандарын көргенбіз. 

Рухтың құлауы футболға жақсылық әкелмейді. Және команда ойынына әсер ететіні тағысын тағы бар. Сонымен қоса, Блаттер мырза бүкіл ойынның соңын қақпашы мен жекелеген футболшылардың шешіп кетуіне қарсы. Түсінбей қалып жүрмеңіз, ойын соңындағы пенальтиге деген ойы. Әйтпесе, бүкіл ойынның күрмеуі мен шешімі жекелеген футболшылар мен қақпашылардың шеберлігіне де байланысты. Тек, бір айырмашылық, аталған футбол ойыншылары командалық ойынның арқасында ғана өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады.

Сурет: news.liga.net

 

Л. Лига