Бұрындары Франциямен шекаралас жатқан елдерді де басып өтетін көпкүндік веложарыстардың алды саналатын әйгілі “Тур де Франс” келесі жылы тек Франция жолдарында ғана өтетін болды.
2013 жылғы жарыс жолымен танысу рәсіміне көпкүндік веложарыстардың сайыпқырандары Альберто Контадор, Брэдли Уиггинс, Кадель Эванс, Энди Шлек және Марк Кавендиш шақырылыпты. Осымен жүзінші рет жалауын көтеретін велодода 29 маусым күні Корсика аралынан басталып, одан әрі теңіз жағалауымен оңтүстік-батысты бетке алады. Ұйымдастырушылар алдағы жарыстың тағдыры 18 шілде күні өтетін таулы кезеңде шешіледі деп отыр. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені, жарысқа қатысушылар тұңғыш рет атақты “Альп-д Юэз” асуын бір емес екі рет басып өтетін болады.
Үш аптаға созылған жарыс жолында шабандоздар сегізінші маусым мен он бесінші маусым күндері дем алады. Орташа есеппен әрбір спортшы жарыс жолында кем дегенде 90 шақырым жол жүреді деп күтілуде. Жарыстың алғашқы жолы Порто-Веккио – Бастия қалалары деп бекітілген.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: 4.bp.blogspot.com