Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесіне арналған 15-халықаралық турнир биыл Шымкент қаласында өтті. Үстел үстіндегі тартысқа 8 елден 70-тен астам спортшы қатысып, 7 күн бойы бақ сынасты.
Дәстүрлі турнирдің қатысушылары қатарында 8 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 20 спорт шебері болды. Жарыс қорытындысында ерлер арасында тоғыз турда 7,5 ұпай жинаған шымкенттік Ғалымжан Темірбаев бас жүлдені жеңіп алса, жүлделі орыннан Қырғызстан елінің өкілі Қамшыбек Қасымов пен жергілікті спортшы Ербол Момбековтер көрінді.
Құттықожа Ыдырысов, Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ қауымдастығының президенті:
Тоғызқұмалақшылардың қатары тек беске оқитын жасөспірімдер мен жастар. Өйткені, бұл спорт түрі адамды жан-жақты дамытуға көмектеседі.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: baq.kz