- Негізгі бет
- Маккала
- "Тобыл" Лозаннадағы арбитражды...
"Тобыл" Лозаннадағы арбитражды сотқа арыз берді
Қостанайлық "Тобыл" футбол клубының басшылығы құрамадағы шабуылшы Сергей Гридиннің "Астанаға" ауысуына байланысты наразылығын білдіріп, Лозаннадағы арбитражды сотқа арыз жолдады. Жіберілген хатта клуб басқармасы Гридиннің және "Астана" клубының құқықтық нормаларды белден басып отырғандығы туралы айтылған.
"Тобылдың" директоры Паниннің айтуынша, басқарма Гридиннің Астана футбол клубына ауысар болса, әділетіліктен аттамай, заңды түрде ауысын талап қылып отыр. "Әу баста "Астананың" басшылығы бізге футболшыны сатып алу жөніндегі ресми хат жіберулері керек еді. Ал Гридин осы тұста келіп, барлық мәселелерді шешіп кетуі тиіс болатын. Содан соң, келісім-шарттың күшін жоюмен айналысуы керек еді. Бірақ, бұлардың ешққайсысы істелген жоқ. Осыған байланысты Қазақстан Футбол клубына арыз беріп, мән-жайды ашып көрсетсек те, процесс біздің пайдамызға шешілмеді " - деді директор.
"Тобыл" сонымен қатар, "Астанадан" қаржылай өтемақы талап ететіндіктерін айтып отыр. 19 наурызда Лозаннадан осы істі қарауға алғандықтары туралы хат келген. Кеше, яғни 26 наурызда, арыз беруші тарап осы істі қарайтын алты судьяға арнап барлық құжаттарды жіберді. Швейцарияда өтетін осы іс нәтижесімен алдағы уақытта Массагет оқырмандарын хабардар ететін боламыз.
сурет: ru.uefa.com