Теннистен Қазақстан құрамасы Франциямен кездесетін болды

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші Әлемдік топтағы плей-офф матчындағы қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесуі мүмкін қарсыластар ішінде Аргентина, Бельгия, Франция және Украина құрамалары болған еді. Лондонда өткен жеребе тарту кешінің қорытындысы бойынша еліміздің әйелдер құрамасы Франциямен кездесетін болды. Кездесу 20-21 сәуір күндері Франция жерінде өтпек.  

Басқа мачтарға келер болсақ, Бельгия - Польша, Аргентина - Ұлыбритания, Украина - Канада құрамалары өзара мықтыны анықтайды. 

Естеріңізге салсақ, осыған дейін құрамында Ксения Первак, Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Анна Данилина және Сесиль Каратанчева бар еліміздің теннистен әйелдер құрамасы Өзбекстанды 2:1 есебімен ұтқан еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz