Теннистен Чехия құрамасы Дэвис кубогінің иегері атанды

Теннистен Чехия құрамасы Дэвис кубогінің иегері атанды

32 жыл күткен жеңіс. Теннистен Чехия құрамасы Дэвис кубоганың иегері атанды. Прагадағы финалда Испанияны 3:2 есебімен жеңген жергілікті теннисшілер 1980 жылғы жетістікті қайталады.

Алдыңғы төрт кездесуде 2:2 есебімен тең түскен қос құрама кубок тағдырын соңғы бәсекеде анықтады. Финалда Николас Альмагромен жолы түйіскен Радек Штепанек өз көрермендерін жерге қаратқан жоқ. 33 жастағы тәжірибелі чех 4 сағатқа жалғасқан кездесуде бар білгенін іске қосты. Қорытынды есеп 6:4, 7:6,3:6 және 6:3.

Айта кетейік, 2009 жылы Дэвис кубогының финалында Испаниядан 5:0 есебімен ойсырай жеңілген Чехия құрамасы бұл жолы есе қайтарды. Биылғы маусым жалпы Чехия теннисі үшін табысты аяқталды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, әйелдер өнер көрсететін Федерация кубогы да осы елдің еншісінде кетті.   

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН