Теннисші қызымыз ширек финалға шықты

Теннисші қызымыз ширек финалға шықты

Теннисші қызымыз Сесиль Каратанчева Калиде (Колумбия) өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы кезекті турнирдің ширек финалына шығып отыр.

Екінші айналымның таласында 23 жастағы отандық спортшымыз румыниялық Александра Каданцуды 6:4, 5:7, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Айта кетер болсақ, Сесиль Каратанчева WTA рейтингісінде 129-орында тұрса, ал 22 жастағы румыниялық спортшы 100-орында жайғасқан.

Жартылай финалға шығу үшін енді Сесиль Каратанчева 33 жастағы колумбиялық Каталина Кастаньоға қарсы ойын өткізеді. Өз кезегінде Каталина аталған жарыстың жетінші ракеткасы саналған ресейлік Нина Братчикованы жеңген еді.

Естеріңізге сала отырсақ, бірінші айналымда Сесиль Канададан келген Стефан Дюбуаны ұтқан болатын - 4:6, 6:4, 7:6.

сурет:gotennis.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига