Теннисші жігіттер Парижде бас қосты

Теннисші жігіттер Парижде бас қосты

ATP аясында өтетін Masters сериясындағы Париж турнирінің іріктеу кезеңдері  басталды.  

Жалпы қаржылай қоры 2 миллион 427 мың АҚШ долларын құрайтын турнирдің іріктеу сындары басталды. Алғашқы айналымнан сүрінбей өткендер қатарында Италия үміті Андреас Сеппи бар. Словакиялық Мартин Клижанмен кортқа шыққан Сеппи үш сетқа созылған тартысты кездесуде тай-брэйкте басымдық танытты. Оңтүстік Африкалық Кевин Андерсон Бразилиядан келген Томас Белуччидің жолын кесті. Есеп 6:2 6:1. Испан теннисшісі Марсель Гранольерс 6:4,6:3 есебімен ресейлік Михаил Южныйдан айласын асырды. Корт иесі Жюльен Беннетоның да аяқ алысы жаман емес. Сербиялық Виктор Троицкиймен болған ойында белсенділік танытқан Беннето 6:4 7:5 есебімен ойынды өз пайдасына шешті. Кипр үкілеген Маркос Багдатис еліне ерте қайтты. Ол бірінші айналымда Француз Жил Симонға 5:7 1:6 есебімен жол берді.

Жалпы бұл турнирге бас-аяғы алпыс төрт теннисші қатысуда. Ертеңгі болатын екінші айналымда отыз төрт теннисші өнер көрсететін болады. Айта кетейік, Париж турнирі ерлер арасындағы жылдың қорытынды додасының алдындағы ең соңғы турнир. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: sports.ru

Ю. НИКУЛЛИН