- Негізгі бет
- Маккала
- Талдықорғанда Лондонда ел...
Талдықорғанда Лондонда ел намысын қорғайтын спортшылар анықталмақ
Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионат 7 маусымға дейін созылады. Осы дода нәтижесі бойынша Лондонда ел намысын қорғайтын спортшылар анықталатын болады.
Аталған чемпионатқа елдің ең үздік атлеттері қатысады. Осы дода нәтижесі бойынша Лондонда ел намысын қорғайтын спортшылар анықталмақ. Лондон Олимпиадасына баратын үміткерлер арасында Илья Ильин, Мария Грабовецкая, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Владимир Седов, Владимир Кузнецов, Сергей Истомин, Алмас Отешев, Кирилл Павлов секілді атақты спортшылар бар.
Еліміздің үздік штангистері 5 маусым күні олимпиадаға жолдама үшін бақтарын сынайды. Дәл сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де "Жастар" спорт сарайында жарыс нәтижелері бойынша пресс-конференция өтеді.
Айта кетсек, Анталия (2010 жылы) және Париж (2011 жылы) қалаларында болған әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан 8 жолдама жеңіп алған еді. Олардың төртеуін еркектер иеленсе, төртеуін әйелдер алған болатын.
Сурет: nashaagasha.org
Ж. FM