Стивен Магуайр "Welsh Open" турнирін жеңіп алды

Шотландық Стивен Магуайр "Welsh Open" турнирінің финалдық ойынында британдық Стюарт Бинхэмді 9:8 есебімен тізе бүктіріп, нәтижесінде жарыс жеңімпазы атанып отыр. 

Аталған кездесу ә дегеннен-ақ тартысты басталған. Қарсыластар алма-кезек бір-бірін алқымдаумен болыпты. Ақырында ойын аяғы фреймге дейін жетіп, ойламаған тұстан плант соғам деп Бинхем жаза басқан. Өз кезегінде Магуайр қателікті ұтымды жарата біліп, өзіне еншілі жеңіс сериясын 82 ұпайға жеткізе алыпты.

32 жастағы шотландық шебер "Welsh Open" турнирінде соңғы бес жылдың ішінде бірінші рет жеңімпаз атанып отыр екен.

сурет:isport.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек