"Барселона" "канонирлердің" жартылай қорғаушысы Алекс Сонгтың ауысымына байланысты лондондық "Арсеналмен" нәтижелі келіссөздерге қол жеткізді.
"Каталондықтармен" бесжылдық келісім-шартқа отырған камерундық футболшының ауысымы 19 миллион евроны құрайтын болады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында 25 жасқа толатын Сонг дүйсенбі күні медициналық тексеруден өтіп, жаңа клубтастарымен жаттығу жұмыстарын бастайды.
Айта кетсек, камерундық футболшы «Арсеналға» 2005 жылы "Бастия" командасынан ауысты, содан бері Сонг лондондық клуб сапында 204 ойын өткізіп, 10 голдың авторы атанды. Ал ұлттық құрамада 30 кездесуге қатысқан. Енді "Арсеналдың" бас бапкері Арсен Венгер бос қалған орынды "Реалдың" жартылай қорғаушысы Нури Шахинмен алуды жоспарлауда.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: eurosport.ru