Шведова мен Гергес жұбы финалда!

Шведова мен Гергес жұбы финалда!

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова неміс қызы Юлия Гергеспен жұптасып, Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өтіп жатқан WTA ASB Classic-2013 турнирінің финалына шықты деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

Жартылай финалда Шведова-Гергес жұбы француз қызы Юлия Коэн мен канадалық Мари-Ева Пеллетьер жұбын 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Бұл ойын бар болғаны бір сағатқа ғана жалғасқан.

Ақтық сынды отандасымыз бен неміс қызынан құралған жұп зимбабвелік Кара Блэк пен аустралиялық Анастасия Родионова жұбына қарсы ойнайтын болады.

Айта кетейік, жекелей сында Окленд турнирінің алтыншы ракеткасы ретінде барған Шведова екінші айналымда ресейлік Елена Веснинаға 2:6, 3:6 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған болатын. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН