«Шахтер» – «Тараз» – 1:0

Маусымды жақсы ойын көрсетіп бастаған «Тараз» командасы осымен екінші рет жеңіліс тауып отыр. Премьер-лиганың 6-айналымында Любко Петровичтің шәкірттері 1 апта бұрын Талдықорғанда санын соғып еді, бұл жолы Теміртаудағы ойында "Шахтер" командасынан айласын асыра алмады. Матчтың тағдырын Вичюстің жалғыз голы шешті. Кукеевтің бұрыштан тепкен добын тура қақпаға бағыттай білген ол жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Тараздықтар ойын тізгінін өз қолына алуға барынша тырысқандығымен, қарағандылықтар оған мұрша бермеді. 

Турнир кестесі

    ойын саны ұтыс тең ойын ұтылыс гол ұпай 1 «Ертіс» 6 4 2 0 15 – 4 14 2 «Тобыл» 6 4 1 1 15 – 9 13 3 «Ақжайық» 6 4 1 1 11 – 5 13 4 «Шахтер» 6 4 0 2 11 – 5 12 5 «Тараз» 6 4 0 2 6 – 4 12 6 «Ордабасы» 5 3 2 0 8 – 3 11 7 «Атырау» 6 2 2 2 8 – 8 8 8 «Астана» 5 2 1 2 8 – 8 7 9 «Ақтөбе» 6 2 1 3 6 – 4 7 10 «Қайрат» 6 2 1 3 6 – 9 7 11 «Жетісу» 6 2 0 4 9 – 16 6 12 «Сұңқар» 6 1 2 3 2 – 8 5 13 «Қайсар» 6 0 1 5 5 – 13 1 14 «Оқжетпес» 6 0 0 6 3 – 17 0

 

Бомбардирлер: Жолшиев («Тобыл») – 6, Юнузович («Жетісу») – 5, Зенькович («Ақжайық») – 4 (2)

22 сәуірде мына командалар арасында ойын болып өтеді:

 
«Атырау» – «Шахтер», «Астана» – «Оқжетпес», «Сұңкар» – «Тобыл», «Қайсар» – «Ертіс», «Ақтөбе» – «Қайрат», «Жетісу» – «Ақжайық», «Тараз» – «Ордабасы» 

сурет: fanatik.kz