Ішкі біріншіліктің 16-шы турында қарағандылық "Шахтер" командасы Талдықорғанда өткен ойында жергілікті "Жетісу" командасынан 5:1 есебімен басым түсті.
Қонақтарға ойынның басында-ақ есепті ашатын тамаша мүмкіндік келді. Ойынның 8-ші минутында Станислав Лунин Жамбыл Көкеев берген әдемі пасты өз қажетіне жаратып, чемпиондарды алға шығарды. Бірақ, алаң иелері есепті тез теңестірді. Жауапты голдың авторы - Милош Михайлов. Одан кейін үзіліске дейін "Шахтер" өзіне берілген екінші мүмкіндікті де мүлт жібермеді. Бұл жолы тағы да Михайлов "Жетісу" қорғаушысының өз қақпасына жіберген добын қажетіне жаратып, қонақтарды алға шығарды.
Екінші ойын бөлігінде қарағандылықтар жауапсыз тағы да үш гол соқты. Түбегейлі басымдылықты өз қолдарына алған қарағандылықтар өз жүрістерінен жаңылмады. Ойынның бітуіне 20 минут қалғанда жиырма метр жерден Владимир қорғаған қақпаға Гедеминас Вичюс өте жойқын соққы жасады...
"Тобыл" командасынан бір ұпайға басым түсіп, "Шахтер" командасы турнир кестесінің бірінші орнына барып жайғасты. Ал "Жетісу" командасы 11 ұпаймен 13-ші орында қалды.
Ішкі біріншілік.
Жетісу (Талдықорған) - Шахтер (Қарағанды) - 1:5 (1:2)
Голдар: Лунин, 8 (0:1); Михайлов, 15 (1:1); Михайлов, 42 - автогол (1:2), Вичюс, 69 (1:3); Вишняковс, 89 (1:4); Аресниджевич, 90 (1:5)
Суреттер: sportinfo.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт