Шахматты кім ойлап тапты?

Шахматты кім ойлап тапты?

Ежелгі аңыздар бойынша, шахматты біздің дәуірімізге дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тапқан екен. Ал басқа деректер бойынша, бұл ойын біздің дәуірімізге дейін II-III ғасырда Мысыр, Ирак және Үндістанда пайда болыпты. Бірақ көптеген тарихшылар шахматтың тарихын біздің дәуірімізден кейінгі 570 жылдан басталады деп ойлайды. Ал шахмат туралы парсы дастандарында бұл ойын осы дәуірдің 600 жылдарында Үндістанда ойлап табылған делінген. Айта кетелік, шахматтан ең алғаш ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақ иеленіп үлгеріпті.

Бұл даңқты чемпиондардың қатарында Стейниц пен Ласкер, Капабланк, Алехин, әлем чемпионы Ботвинник бар. Археологиялық жәдігерлерге қарап шешім шығарар болсақ, ойынның біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырда Ассирия, Месопотамия және Мысырда халықтардың тақтайға тас қойып ойналғаны белгілі болады. Кейіннен бұл ойын әскери сипатқа ие болған. Әскери шендегі ойыншылар ұтысқа адам қанын тіккен. Мысалы, Ежелгі Мысырда (б.з.д 1270 жылы) "тау" ойыны, Грекияда (б.э.д. V) "петтеия", ал Римде (б.э.д. I-II) "латрункули" деген ойындар болған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: centralasiaonline.com

Massaget