Мадриттік "Реалдың" ойыншысы жаңа маусымды "Ливерпуль" сапында өткізеді, деп хабарлайды "қызылдардың" ресми сайты. Сенбі күні Шахин медициналық бақылаудан өтеді.
Өткен маусымды жартылай қорғаушы сәтті өткізді деп айтуға келмейді. Түрік футболшысы аса ауыр жарақат алып, мадриттіктер қатарында бар-жоғы төрт кездесуге қатыса алды. "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуриньюдің айтуынша, аталған футболшыдан үлкен үміт күтеді. "Алайда, қажетті ойын тәжірибесін алуы үшін алдағы маусымда басқа командада өнер көрсеткені дұрыс", - дейді бапкер.
Естеріңізге сала кетсек, Шахинді иеленуге "Арсенал", "Фенербахче" және "Ливерпуль" командалары таласқан болатын.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: eurosport.ru