Сесиль Каратанчева Мексикада өтіп жатқан турнирдің келесі айналымына шықты

Отандық теннисші қызымыз Сесиль Каратанчева Мексиканың Акапулько қаласында өтіп жатқан "WTA Abierto Mexicano Telcel" турнирінде келесі айналымға шықты.

Бірінші айналымда 23 жастағы ракетка шебері мексикандық Химена Хермосоны екі сет барысында 6:0, 6:3 есебімен ойсырата жеңді. Осы жерде бір айта кетерлігі, Каратанчева әлемдік рейтингтің 119-орнында тұрса, 21 жастағы Мексика қызы 365-орынға жайғасыпты.

Екінші айналымда Сесиль Каратанчева италиялық Франческо Скьявоне мен америкалық Грэйс Миннің ұтқанымен кездесетін болады.

сурет:tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек