Сенсация: Жереми Шарди Хуан Мартин дель Потроны тізе бүктірді

Сенсация: Жереми Шарди Хуан Мартин дель Потроны тізе бүктірді

"Australian Open" турнирінің 3-айналымында француз спортшысы Жереми Шарди әлемдік рейтингтің үздіктері қатарынан саналатын аргентиналық Хуан Мартин дель Потро 6:3, 6:3, 6:7 (3), 3:6, 6:3 есебімен ұтып, ерлер арасында өтіп жатқан осы бір жарыста басты сенсацияны орнатып отыр.

Ойын 3 сағат 45 минутқа созылды. Кордқа шыққаннан-ақ Шарди эйс мен "виннердің" саны жағынан басымдылық көрсетті. Бірақ, Жереми кейбір соққыларды қайтару барысында салғырттық танытып, тізгінді Дель Потроға беруге мәжбүр болды.

Шарди енді төртінші айналымда итальяндық Андреас Сеппиге қарсы ойын өткізбек. Ал ол өз кезегінде хорват теннисшісі Марин Чиличті тізе бүктірген болатын - 6:7 (2), 6:3, 2:6, 6:4, 6:2.

сурет:forum.kinopoisk.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига