Қазақстандық теннисшілер Юрий Щукин мен Андрей Голубев Ресейдің Лермонтов қаласында "Челленджер" сериясы аясында өтіп жатқан грунттық жарыстың жұптық түрі бойынша жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ширек финалда отандастарымыз итальяндық Томас Фаббиано мен өзбекстандық Фарух Дустовтан басым түсті. Есеп 6:1, 7:5
Щукин мен Голубев енди финалдық кезең үшін хорват жұбы Дино Марчан және Никола Мектичпен ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілер жекелей сынның екінші кезеңіне шыққан болатын.
сурет: vesti.kz
Дайындаған: Болат Қосмағамбет