«Русенборгтан» жеңісті жұлып алған «Ордабасы» командасы

Кеше Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» командасы Норвегияның «Русенборг» командасымен күш сынасты. Аталған ойын Тронхейм қаласында болып өтті.

Аса тартысты өткен бұл ойында шымкенттіктер тронхеймдіктермен 2:2 есебімен тең түсті. Алмат Бекбаев қорғаған «Ордабасы» қақпасының кілтін 33-минутта алаң иелері бірінші боп тауып, Боржек Дочкал өз командасын алға шығарған еді. Бұл ойыншы  45-минутта пенальтиден есепті одан ары ұлғайта түсті. 

Ойынның екінші бөлігінде шымкенттіктер есепті теңестірді.  Алдымен 75-минутта  Роман Пахолюк, ал 90 минутта Гуэй Мансур көзге түсті.

Ендігі ойын 26 шілде күні Алматының Орталық стадионында өтетін  болады.

Еуропа Лигасы-2012.  Екінші іріктеу кезеңі. 
 

Бірінші ойын. "Русенборг" (Тронхейм, Норвегия) - "Ордабасы" (Шымкент, Казақстан) - 2:2 (2:0)

Голдар: Дочкал, 33 (1:0); Дочкал , 45 - пенальтиден (2:0); Пахолюк, 75 (2:1), Гуйе, 90 (2:2).

Ескертулер: Анкерсен, 65 - Арури, 45; Карпович, 55.

Сурет: vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт