"Рома" рекордына нүкте қойылды...

"Рома" рекордына нүкте қойылды...

Еуропада футбол маусымы қызып келеді. Жақында ғана ашылған трансфер кезеңі командаларға берілген үлкен бір мүмкіндік те болып тұр. Өйткені әр ұжым өз осал тұстарын дөп тауып, оның орнын толтыру үшін жаңа ойыншылармен толығары анық. 2013/2014 маусымда Еуропаның футболы қарыштап дамыған елдеріндегі біріншіліктер аса тартысты болмақ. Сондай тартысты чемпионаттың бірі – Италияның «А» сериясы.

"Рома" жеңіліс тапты


Осы маусымда жеңілістің ащы дәмін әлі татып көрмеген «Рома» бүгін алғаш рет жеңіліс тапты. Осылайша римдік команда рекордына нүкте қойылды. Жеңілсе де «Ювентусқа» жеңілді. 2013/2014 маусымда жеңілмеген клубтардың саны тағы біреуге қысқарды. Ал өз біріншіліктерін де әлі жеңілмеген командалар бар. Олар туралы соңынан...

Италия чемпионатын «Рома» сәтті бастаған-ды. Бас бапкер Руди Гарсия шәкірттерін тамаша ойын жүйесімен тәрбиелеп шығарды. Бір-бірімен деңгейлес футболшылар өзара түсіністік тауып кете алды. 10-шы турдан аса футболшылардың жарақаты мен алаңнан қуылуы команданың ойын жүйесіне әсерін тигізе бастады. 4 кездесу қатарынан тең ойнаған «Рома» көш тізгінін туриндік «Ювентусқа» ұстатты. Сондықтан да Антони Конте командасын бүгін өздерінен ұзатып алмау қажет болатын. Алайда ардагер футболшы Франческо Тотти бастаған жігіттердің алаң иелеріне шамалары жете қоймады. 76 минутта екі бірдей футболшының алаңнан қуылуы команданың түбегейлі жеңілісінің айқын көрінісі болды. Есеп 3:0. Ал енді «Ювентус» жайлы...


«Рома» маусым басында 10 кездесудің 9-ын жеңіспен бастаса, бұл рекорд 10 кездесу қатарынан жеңіске жеткен «Ювентусқа» тиесілі болатын. Бүгін команда сол рекордын тағы қайталады. Келесі турда «Кальяриді» жеңетін болса жаңа рекордына қол жеткізеді. Туриндік команда ел біріншілігін алуға басты үміткерлер көшін бастап тұр. Оған себеп те жоқ емес. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен шыға алмауы – Андреа Пирло бастаған ұжымға соққы емес, қамшы болып тигендей... Енді Еуропа Лигасындағы басты фаворит де – «Ювентус».

Ал өзге командалар жайлы айтатын болсақ, осы маусымды «Наполи» мен «Фиорентина» да ойдағыдай бастады. Ештеңе жоғалта қойған жоқ. Неапольдық команда да Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде үшінші орынмен Еуропа Лигасында қалды. Дегенмен жазғы ауысым кезеңінде бұл ұжым сәтті трансфер жасай алды деп айта аламыз. Игуаин мен Кальехон жұбы Италияда өз дәрежелерінде өнер көрсетіп кете алды. Ал «Бавариядан» келіп «Фиорентина» сапын толықтырған Марио Гомес жақын арада негізгі құрамға оралады. Ал «Миланның» халі мүшкіл екені белгілі...

Ла-Лига. «Атлетиконың» айтары бар...

 

Испания біріншілігін бұл маусымда үш команда сарапқа салмақ. Олар: «Барселона», «Атлетико Мадрид» және «Реал». Осылай айта беруімізге болатын секілді. Өзге бір ғажайыптың орын алуы екіталай...

Каталондық команда мен Диего Симеоне ұжымы турнир кестесінде үзеңгі қағыстырып келеді. Екі команда да жіберген есе – 1 жеңіліс пен 1 тең кездесу. Ал «корольдік клуб» басты қарсыластарын алға шығарып алды. Үш ұжымның да Чемпиондар Лигасының биік межесін бағындыруға мүмкіндіктері бар. Әзірге Ла-Лигада жеңілістің ащы дәмін татпаған команда жоқ. Үздік көрсеткіш те осы ұжымдарға тиесілі болып отыр.

Премьер-Лига. «Арсеналдың» адуыны мықты...

Ағылшын премьер-лигасын «Арсенал» бастап келеді. Алайда команданы өкшелеп келе жатқан ұжымдар жоқ емес. Бірнеше сәтсіздік Арсен Венгер командасын құлдырата алады. Әлемдегі аса тартысты чемпионат болып саналатын ағылшын премьер-лигасы осынысымен қызық. Чемпиондыққа басты үміткер фаворитті жорамалдап болсын айтудың өзі қиын. Ең соңғы сатыларда тұрған командалар турнир басындағы алпауыттарды сан соқтыра алады. Бұл – ішкі біріншіліктің маңызды көрсеткіші. Өйткені ағылшын біріншілігінде әлі жеңілмей келе жатқан команда жоқ. Осыған қарап-ақ дәрежесін анықтауға болады. Ең аз жеңілген «Эвертон» болса, оның өзі 5-ші сатыда келеді. Ал 2012/2013 жылғы маусымның чемпиондарының ойыны құрдымға кетіп барады. (Әлде дауыл алдындағы тыныштық па?...) Бүгін өз алаңында «Суонсиге» жеңіліп, ағылшын Кубогынан да қол үзді. Ал сэр Алекс Фергюсон бұрынғы командасы ойынын алаң сыртынан тамашалап үн-жырғасы түсіп қайтып жүр...Дэвид Мойес үшін әлі біраз уақыт қажет секілді.

Лига 1. «ПСЖ», «Монако» және «Лилль»

Франция біріншілігін «ПСЖ» мен «Монако» бастап келеді. Көш басында келе жатқандықтан үздік нәтиже де осы екі ұжым еншісінде. Ал бұларды «Лилль» де өкшелеп тұр. «Бордо» болса, 9 ұпайға қалып қойған. Бұл маусымда «Марсель» ойынынан да сән кетті. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде осы уақытқа дейін көрсетпеген төменгі нәтижесін жанкүйерлеріне ұсынды. Одан қалса, турнир кестесінің 6-шы сатысында келеді. Бұл біріншілікте де жеңілмеген командалар жоқ. «ПСЖ» - 1, «Монако» - 2, «Лилль» - 3 рет жеңіліс тапқан. 

Бундеслига. «Бавария» жеке дара келеді


Мюнхендік «Бавария» қазіргі таңда әлемдегі ең азулы клубтардың көшін бастап тұр деп айта аламыз. Ішкі чемпионатта да дәл солай. Команданы тоқтатар ұжым табылар емес. Дортмундтық «Боруссия» тоқтатар деп ойлаған жанкүйерлер қателескендей...Қарсыластарынан оқ бойы озып келеді. Еуропадағы ішкі біріншілігінде әлі жеңілмеген командалардың қатарында. Хосеп Гвардиола бұл маусымда да Юпп Хайнкес нәтижесін қайталауға ниетті. Бастысы – Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдағы «Арсеналмен» өтетін кездесу бапкердің алдындағы алғашқы тартысты айқас болмақ. Соңын күтейік...

«Олимпиакос» та осал емес...

Бұл маусымда Грекия Суперлигасында «Олимпиакостың» асығы алшысынан түсіп тұр. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен де сүрінбей өтті. Ал ішкі біріншіліктегі 18 турдың 1 кездесуінде ғана тең нәтиже көрсеткен. Еуропа Лигасында қарағандылық «Шахтермен» бір топта өнер көрсеткен «ПАОК»-тан он ұпайға ұзап шыққан. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында «Манчестер Юнайтедті» сүріндіруі де ғажап емес. Өйткені өз алаңында көсіліп ойнайтын ұжым, «қызыл сойқандардың» тауын шағуы әбден мүмкін.

Селт етпеген «Селтик»...


«Кеншілер» ұжымын Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінің соңғы минуттарында жеңген шотландиялық «Селтик» топтық кезеңнен аса алмады. Ал ішкі чемпионатында әлі жеңілмей келеді. Кеше сырт алаңда Нил Леннон командасы «Сент-Мирренді» 0:4 есебімен тізе бүктіріп қайтты. Ал команданың көшбасшыларының бірі саналатын Георгиос Самарас осы қысқы трансферде өзге клубқа ауыспақ.

«Спартаны» тоқтатар қарсылас болмай тұр


Чехия жоғарғы лигасында «Спартаны» тоқтатар команда табылмай тұр. Тоқтатса әлі де «Виктория Пльзень» тоқтатуы мүмкін. Прагалық команда Еуропада әлі ішкі біріншілігінде жеңілмеген ұжымдардың қатарында келеді.

«Стяуа» жеңілмесе де, алғашқы орында емес...


Румын жоғарғы лигасы да қызып тұр. Турнирді «Астра» командасы бастап келеді. Ал Еуропаға танымал «Стяуа» үшінші сатыда ғана. Ішкі біріншілікте әлі де жеңілістің дәмін татпаса да, тең ойнаған кездесулері команданың ұпайын азайтып отыр. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде сәтті ойын өрнегін көрсете алмады.

Суперлига. «Спортинг», «Порту» және «Бенфика»


Португалия чемпионатын осы үш команда бастап келеді. Үш ұжымда да 33 ұпайдан бар. «Порту» мен «Бенфиканың» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен шығатын зор мүмкіндіктері болған. Алайда пайдалана алмады. Енді екеуі де Еуропа Лигасында бақ сынайтын болады. Үшеуі де бір-бір реттен жеңіліс тапқан.

2013/2014 жылғы маусымда Еуропада ұпайы түгел ұжымдар:

Командалар

Чемпионат

Жеңіс

Тең

ойын

Жеңі

ліс 

Ұпайы

%-ға

шаққанда

1

"Олимпиакос"

Грекия

 17

 1

 0

 52

0,96

2

"Бавария"

Германия

 14

 2

 0

 44

0,93

3

"Ювентус"

Италия

 16

 1

 1

 49

0,90

 

"Атлетико" Мадрид

Испания

 16

 1

 1

 49

0,90

 

"Барселона"

Испания

 16

 1

 1

 49

0,90

6

"Спарта" Прага

Чехия

 13

 3

 0

 42

 0,87

 

"Селтик"

Шотландия

 14

 3

 0

 45

0,87

8

"Рома"

Италия

 12

 5

 1

 41

0,80

 

"Реал" Мадрид

Испания

 13 

 2

 2

 41

0,80

10

"Фенербахче"

Туркия

 13

 2

 2

 41

0,79

11

"Спортинг" Лиссабон

Португалия

 10

 3

 1

 33

 0,78

 

"Порту"

Португалия

 10

 3

 1

 33

0,78

 

"Бенфика"

Португалия

 10

 3

 1

 33

0,78

14

"ПСЖ"

Франция

 13

 5

 1

 44

0,77

15

"Зальцбург"

Австрия

 14

 4

 2

 46

0,766

16

"Стяуа"

Румыния

 11

 6

 0

 39

0,764

17

"Стандард" Льеж

Бельгия

 14

 6

 1

 48

0,761

18

"Шахтёр" Донецк

Украина

 13

 2

 3

 41

0,75

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru, footballtop.ru, football.sport-express.ru

О. Сансызбай