Швейцариялық теннисші Роджер Федерер осымен жетінші рет "Уимблдонда" жеңіске жетті.
Финалда Федерер британдық Эндри Маррейді жеңді. Бірінші партияда 6:4 есебімен британдық жеңіске жетіп, алға суырылып шықан еді. Бірақ екінші партия текетіреске толы болды. Осылайша 12-ші геймде Федерер бэрэйк-поинтқа қол жеткізіп, сетті 7:5 есебімен жеңіді. Үшінші сеттің басында тосыннан жауған жаңбырдың себебінен ойын тоқтатылды.
Бір сағаттық демалыстан соң ойын қайта жанданып үшінші сет Федерердің пайдасына 6:3 есебімен аяқталды. Бесінші партияда да швейцарлық 6:4 есебімен жеңісті қанжығасына майлады.
Енді дүйсенбі күні Роджер Федерер ресми түрде ATP рейтінгінің көшбасшылығына орналасады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ©AFP