Ресейлік боксшы чемпиондықты қорғап қала алды!

Ресейлік былғары қолғап шебері Денис Лебедев WBA-ның ауыр салмақта өзіне тиесілі чемпиондық атақты қорғап қала алды.

Мәскеудің "Крокус Сити Холл" аренасында 18 желтоқсан күні 32 жастағы Лебедев пен 27 жасар колумбиялық Сантандеро Сильгадо жұдырықтасқан болатын. Айта кетсек, ресейлік спортшы ә дегеннен-ақ басымдылықты өз қолына алып, Сильгадоға қарсы өз сәтті соққыларын жұмсап отырды. Бір назарға алатыны, Денистің колумбиялықтан күш-қуаты артық тұрды десек болады. 

Төртінші раундта колумбиялық боксшы ашық жұдырықтасуға шығып, нәтижесінде иектің астынан қатты соққы алып қалды. 

Денис Лебедов өзі өткізген 26 кездесуде 25-жеңісіне (19 нокаут) қол жеткізген болса, өз кезегінде Сильгадо алғашқы жеңілісіне (18 нокаутпен жеңіске жеткен) куә болды. 

сурет:mn.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек