"Реал" мен "МЮ" тең есеппен тарасты

"Реал" мен "МЮ" тең есеппен тарасты

Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында мадридтік "Реал" мен "Манчестер Юнайтед" командалары бірінші кездесулерін өткізіп, тең есеппен тарасты – 1:1.

Екі гол да бірінші таймда соғылды. Ойынның 20-минутында бұрыштама добын сәтті пайдаланған Дани Уэлбек командаластарын алға шығара алған еді. Алайда, арада он минут өтер-өтпесте шеткі аймақтан әуелеп келген допқа Криштиану Роналду бірінші болып жетіп, нәтижесінде есеп басын теңестіріп кетті.

Қос команданың бірнеше рет гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ, қақпашылардың білігі тараз басында тең есепті ұстап тұруға көмектесті.

Жауапты ойын 5 наурызда «Олд Траффорд» стадионында өтпек.

сурет:soccer.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига