- Негізгі бет
- Маккала
- Премьер-лига. ХХІІІ тур...
Премьер-лига. ХХІІІ тур қорытындысы (видео)
Футболдан ел премьер-лигасының ХХІІІ тур ойындары мәресіне жетті. «Қайрат» өз алаңында «Ертісті» айқын басымдықпен жеңсе, «Тобыл» талдықорғандық «Жетісуден» айласын асырды. Ал қалған қос кездесуде тең нәтиже тіркелді.
«Восток» - «Тараз»
Қазақстан премьер-лигасында қос ұжым осыған дейін 36 рет кездескен екен. Оның 13-де шығыс қазақстандық команда жеңсе, 7 кездесу тең нәтижеде, 16 кездесуде «Тараз» жеңіске жеткен. Ал алғашқы айналымдағы кездесулерде қос команда да өз алаңдарында бір-бірлерін бір доп айырмасымен жеңген болатын.
Кездесудегі алғашқы гол бірінші таймда соғылды. 35 минутта «Восток» сапынан Вячеслав Эрбес мергендігімен танылды. Ал «Тараз» есепті төреші қосқан қосымша уақытта ғана теңестіре алды. 82 минутта алаңға шыққан Обиора Одита командасына 1 ұпай сыйлады.
«Восток» (Өскемен) — «Тараз» (Тараз) 1:1 (1:0)
Голдар: Эрбес 35 (1:0), Одита 90+1 (1:1)
Ескертулер: Санчез 19 — Бауыржан 70
«Восток»: Байтеряков, Комарек, Абу Бакр, Мур, Костюк, Джанузаков (Молтусинов 89), Санчез (к), Сохна, Алиев (Суюмагамбетов 69), Досмагамбетов, Эрбес (Ерланов 88)
Қосалқы құрам: Акбаралиев, Фомичев, Удалов, Шевченко
«Тараз»: Нурмухаметов, Шабаев, Кучма (к), Воротников, Нестеренко, Скорых, Д. Евстегнеев, Эссомба (Одита 81), Бауыржан, Мехмедович, Лечич (Заречный 64)
Қосалқы құрам: Д. Евстигнеев, В. Евстегнеев, Айтбаев, Сергиенко, Кожамберды, Цветков
Төрешілер: Хисамутдинов (Павлодар), Құрбанов, Шабанов (оба — Алматы)
Өскемен. 18 тамыз. «Восток». 1600 көрермен.
«Тобыл» - «Жетісу»
Қостанайда алаң иелері бар басымдықты қолда ұстауды алғашқы минуттардан-ақ байқата білді. 13 минутта жергілікті команда кездесудегі есепті ашты. «Тобыл» сапынан мергендігімен көзге түскен австриялық шабуылшы Менсур Куртиши болды. Алғашқы тайм аяқталар тұста Сергей Масленов шәкірттерінің сапынан Нұртас Кургулин алаңнан қуылды. Екінші таймда он футболшымен өнер көрсеткен жергілікті ұжым екінші голды соғуға да мүмкіндік алды. 79 минутта сербтік жартылай қорғаушы Ненад Шливич «Жетісу» қақпасынан саңылау тапты. Осылайша «Тобыл» командасы 16 ұпаймен екінші алтылықтың көшбасшысы екенін дәлелдей түсті.
"Тобыл" (Қостанай) - "Жетісу" (Талдықорған)
Голдар: Куртиши 13 (1:0), Шливич 79 (2:0).
Ескертулер: Климавичус 23, Кургулин 30, Саломов 43, Тілешов 77.
Алаңнан қуылды: Кургулин 42.
«Тобыл»: Арслан Сатыбалдин, Ермек Қуантаев, Нұртас Кургулин, Никола Тонев, Бауыржан Байтана 76 (Бейбіт Әбішов), Анатолий Волков, Нұрбол Жұмасқалиев 89 (Алексей Малышев), Огнен Красич, Ненад Шливич, Менсур Куртиши 46 (Игорь Бугаев).
«Жетісу»: Андрей Пасеченко, Дамир Дәуітов, Марко Джалович, Арунас Климавичус, Дәуіржан Эргашев 46 (Мұрат Тілешов), Руслан Эсатов, Дмитрий Мамонов 62 (Серікжан Мұжықов), Руслан Мельзидинов, Шафкат Саломов 60 (Иван Перич), Абылайхан Тотай, Владимир Яковлев
Бас төреші: Александр Гаузер.
«Атырау» - «Ақжайық»
Батысқазақстандық дербилер осыған дейін 10 кездесу өткізген. Оның 5-де «Атыраудың» мысы басым болса, 4-де «Ақжайық» жеңіп, 1 кездесу тең аяқталған екен. ХХІІІ тур нәтижесінен кейін, қос ұжым тарихына тағы да бір тең кездесу тіркелді.
Кездесудегі есепті бірінші болып қонақтар ашты. 25 минутта Павел Черны өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Араға 8 минута сала Евгений Коструб 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындап, есепті еселей түсті. Алғашқы тайм аяқталар тұста «Атырау» кездесудегі есепті қысқартты. Пенальтиді хорват футболшысы Роберто Алвиз сәтті орындады. 75 минутта Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин кездесудегі тең нәтиже тіркеген голды соқты. Осылайша екінші алтылықтағы дербилер бір-бір ұпай еншілеп тарқасты.
«Атырау» (Атырау) – «Ақжайық» (Орал) 2:2 (1:2).
Голдар: Черны 25 (0:1), Коструб 33 минутт пенальти арқылы (0:2), Алвиз 45 минутта пенальти арқылы (1:2), Щеткин 75 (2:2).
Ескертулер: Коструб 30, Иняц 35, Абдулин 55, Хаман 65.
«Атырау»: Владимир Полотников, Ренат Абдулин 60 (Милош Стойчев), Сергей Куцов, Максим Самченко 50 (Георгий Пейкришвили), Валентин Чуреев, Роберто Алвиз, Йован Голич, Тарас Данилюк, Ненад Иняц 70 (Бейбіт Тәтішов), Айбар Нұрыбеков, Алексий Щеткин.
«Ақжайық»: Антони Бучек, Михаил Любимкин, Бауыржан Омаров, Руслан Хайыров, Еркін Тапалов, Якуб Хлебоун, Константин Зотов 80 (Сергей Шевцов), Евгений Коструб, Саджо Хаман 85 (Алексей Мальцев), Павел Черны, Недо Туркович 73 (Елдар Әбдрахманов).
Бас төреші: Артем Кучин (Қарағанды)
«Қайрат» - «Ертіс»
«Қайрат» өз алаңында жеңісті қолдан бермейтін командалардың қатарына жатады. Бүгінгі «Ертіске» қарсы кездесуде де Владимир Вайсс шәкірттері тактикалық жүйелерін іске асыра жүріп, керекулік «Ертістен» 3 ұпайды еншіледі.
Кездесудегі алғашқы голды 7 минутта жергілікті команда сапынан Момоду Сиссей соқты. Екінші тайм басталып, араға бірнеше минут сала «Қайрат» таблодағы есепті екі голға дейін ұзартты. Ал кездесудің 63 минутта Момоду Сиссей кездесудегі дубль авторы атанды. 76 минутта гамбиялық шабуылшы тағы да бір голды өз еншісіне жазды. Алайда бұл голды қарсылас қақпасына емес, бұрыштамадан көтерілген допты өз қақпасына соғып алған болатын. Бұл сәтте допты қайтаруға Давид Лория дәрменсіз болатын. Осылайша «Қайрат» өз алаңында 3 ұпайды еншілеп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.
Кездесудегі статистикаға көз жүгіртсек:
Допқа иелік ету: 48% — 52%
Қақпаға соққы: 15 — 14
Қақпаға дәл соққы: 7 — 3
Ереже бұзу: 17 — 13
Офсайдтар: 3 — 1
Бұрыштама: 4 — 8
Сары қағаз: 2 — 2
р/с | Клубтар | Ойын өткізді | Жеңіске жетті | Тең түсті | Жеңіліп қалды | Доп айырмасы | Жалпы ұпайы |
1 | «АҚТӨБЕ» | 23 | 14 | 5 | 4 | 31-14 | 24 |
2 | «АСТАНА» | 23 | 12 | 5 | 6 | 36-26 | 21 |
3 | «ШАХТЕР» (Қарағанды) | 23 | 11 | 5 | 7 | 33-24 | 21 |
4 | «ҚАЙРАТ» (Алматы) | 23 | 8 | 10 | 5 | 31-25 | 19 |
5 | «ОРДАБАСЫ» (Шымкент) | 23 | 9 | 6 | 8 | 22-21 | 18 |
6 | «ЕРТІС» (Павлодар) | 23 | 9 | 7 | 7 | 25-23 | 17 |
Төменгі алтылық кестесі: | |||||||
7 | «ТОБЫЛ» (Қостанай) | 23 | 8 | 5 | 10 | 32-27 | 16 |
8 | «АТЫРАУ» | 23 | 7 | 7 | 9 | 20-30 | 15 |
9 | «ВОСТОК» (Өскемен) | 23 | 5 | 9 | 9 | 13-25 | 13 |
10 | «ЖЕТІСУ» (Талдықорған) | 23 | 4 | 12 | 7 | 20-27 | 11 |
11 | «ТАРАЗ» | 23 | 4 | 7 | 12 | 20-30 | 10 |
12 | «АҚЖАЙЫҚ» (Орал) | 23 | 4 | 8 | 11 | 26-37 | 8 |
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com, vesti.kz,alaman.kz
О. Сансызбай