Футболдан ел премьер-лигасының IV тур ойындары мәресіне жетті. Назарларыңызға ойындардың қызықты статистикасын ұсынамыз.
IV тур қорытындысы бойынша Павлодардың «Ертіс» клубы мен елордалық «Астана» ұпайдан шашау шығармай келеді. Кеше «Ертіс» сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» клубын 2:0 есебімен жеңсе, «Астана» өз алаңында «Таразды» 2:1 есебімен ұтты.
«Ертіс» қақпашысы Давид Лория өз қақпасына әлі гол соқтырған жоқ. Команда төрт ойында қарсыластар қақпасына 9 гол соқты.
IV турға дейін Қостанайдың «Тобыл» клубы да өз қақпасына гол соқтырмай келген еді. Қостанайлық клубтың бұл статистикасын «Ордабасы» бұзды. Шымкентте өткен ойында алаң иелері «Тобыл» қақпасына бір емес, екі гол соқты. Десе де жеңісті уысында ұстап қала алмады. Нұрбол Жұмасқалиевтің соңғы минутта соққан голы қонақтарға бір ұпай сыйлады.
«Ордабасы» клубының шабуылшысы Эдин Юнузович Қазақстан премьер-лигасындағы 100-ойынын өткізді. Ол шымкенттік клубтан өзге «Жетісу» мен «Қайсар» клубтарында ойнаған.
«Қайрат» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алматылық клуб сырт алаңда «Атырауды» ұтты. Командаға жеңіс сыйлаған голды Жерар Гоу соқты. Жаңа жаттытырушы Кахабер Цхададзе бастап барған ойында Андрей Аршавин негізгі құрамда ойнады.
IV турда команда капитандары белсенділік танытты. «Тобылдан» Нұрбол Жұмасқалиев, «Оқжетпестен» Әлібек Бөлешов, «Астанадан» Танат Нөсербаев, «Ақтөбеден» Самат Смақов гол соқты. Сэм айып соққысынан әдемі гол соқса, Әлібек Бөлешов премьер-лигадағы 95-голын еншісіне жазды, Андрей Финонченко қарағандылық клубтағы 400-ойынын өткізді.
IV тур қорытындысы:
«Шахтер» — «Ертіс» 0:2 (0:1)
Голдар: Фрейдгеймас 26 (0:1), Керла 58 (0:2)
«Ордабасы» — «Тобыл» 2:2 (1:1)
Голдар: Төлебек 5 (1:0), Шимкович 22 (1:1), Диакате 66 (2:1), Жұмасқалиев 90+3 (2:2)
«Атырау» — «Қайрат» 0:1
Гол: Гоу 58 (0:1).
«Ажайық» — «Оқжетпес» 0:2 (0:1)
Голдар: Бөлешев 25 (0:1), Ристович 90 (0:2).
«Астана» — «Тараз» 2:1 (1:0)
Голдар: Нөсербаев 21 (1:0), Зенькович 49 (1:1), Шомко 82 (2:1).
«Ақтөбе» - «Жетісу» 3:2
Голдар: Смақов 15 (1:0), Бочаров 25 (2:0), Клайн 52 (2:1), Жаңғылышбай 86 (3:1),Савич 89 (3:2)