Премьер-Лига. Бәрі соңғы турда шешіледі

Футболдан ел премьер-лигасының XXXI тур ойындары аяқталды. «Ақтөбе» сырт алаңда «Астанаға» есе жіберіп, мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады.

«Астана» - «Ақтөбе»


Осы турда Владимир Никитенко командасына барлығын шешіп тастауға болатын еді. Алайда «Астана» өз алаңында соңғы үмітін жоғалтқысы келмеді. Мұны алғашқы минуттардан-ақ дәлелдеді. 15 минутта Патрик Твумасидың соққан голы кездесудің соңына дейін сақталды. Енді ел чемпионы 2 қарашадағы соңғы турда шешілетін болды. «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдаса, Йоан Андоне командасы «кеншілер» ұжымында қонақта болады.

«Астана» -  «Ақтөбе» 1:0 (1:0).
Астана қаласы. «Астана Арена». Бас төреші: Игорь Хисамутдинов.
Гол: Патрик Твумаси 15 (1:0).
Сары қағаз алды:Нөсербаев 53,  Ахметов 76, Зелао 84, Коробкин 89.
«Астана»:Ненад Эрич, Елдос Ахметов, Абзал Бейсебеков, Виктор Дмитренко, Зелао, Фокси Кетевоама, Валерий Коробкин, Марат Шахметов, Танат Нөсербаев 69  (Сергей Остапенко), Казимиро 61 (Дамир Кояшевич), Патрик Твумаси 88 (Ұлан Қонысбаев).
«Ақтөбе»: Андрей Сидельников, Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Юрий Логвиненко, Алексей Мулдаров, Евгений Дяденко 79 (Абат Айымбетов), Тимур Кападзе, Марат Хайруллин, Андрей Харабара 57 (Асхат Тағыберген), Александр Гейнрих, Сергей Давыдов 67 (Марат Бикмаев).

«Шахтер» - «Қайрат»


Виктор Кумыков командасы Алматыда «Қайратқа» есе жібермегенімен, өз алаңында есе жіберді. Қарағандыдағы кездесу 1:2 есебімен Владимир Вайсс шәкірттерінің пайдасына шешілді. 21 минутта Йосип Кнежевич есеп ашса, араға 3 минут сала Игорь Зенькович 11 метрлік айып сәтті орындап, есепті теңестірді. 72 минутта Кнежевич кездесуде дубль авторы атанып, «Қайратқа» 3 ұпай сыйлады.

«Шахтер» – «Қайрат» 1:2 (1:1).
Қарағанды қаласы. «Шахтер» алаңы. Бас төреші: Руслан Дүзмәмбетов.
Голдар: Кнежевич 21 (0:1), Зенькович 25 минутта пенальти арқылы (1:1),  Кнежевич (1:2).
Сары қағаз алды:Едтгарян 43, Шестаков 71.

«Шахтер» (Қарағанды): Сергей Ткачук, Никола Василевич 46 (Сергей Малый), Михаил Габышев 90 (Вадим Боровский), Андрей Порываев, Евгений Тарасов, Мақсат Байжанов, Асхат Борантаев, Гедиминас Вичюс 46 (Александр Симчевич), Аслан Дарабаев, Роман Муртазаев, Игорь Зенькович.
«Қайрат» (Алматы): Даниил Рихард, Даниэль Аддо, Марк Гурман, Александр Кислицын, Артур Едигарян 86 (Стюарт Дафф), Алексей Еременко, Йосип Кнежевич, Жамбыл Көкеев 63 (Виталий Ли), Аслан Оразев 81 (Владислав Нехтий), Кирилл Шестаков, Момоду Сиссей.

«Ордабасы» - «Ертіс»


Соңғы кездесулерінде оңды ойын өрнегін көрсете алмай келе жатқан «Ордабасы» осы турда жеңіске жетті. Бұл маусымда керекулік «Ертіспен» болған 3 кездесуде де жеңіліс тапқан шымкенттік команда 4-ші кездесуінде есе жібермеді. Алғаш болып 7 минутта Эдин Юнузович есеп ашты. Араға 2 минут сала Белич есепті еселей түсті. 25 минутта Ұлықбек Бақаев «Ертіс» еншісіне бір допты жазды. Алайда алғашқы таймда қонақтардың екі бірдей голын бас қазы Александр Гаузер есепке алмады. Бірінде ойын ережесі бұзылса, екіншісінде «Ертіс» ойыншысы ойыннан тыс қалған екен. 89 минутта Эдин Юнузович екі бірдей қорғаушымен қатар қақпашыны алдап өтіп, кездесуге нүкте қойды.

«Ордабасы» – «Ертіс»  3:1 (2:1).
Шымкент қаласы. Қажымұқан атындағы алаң. Бас қазы: Александр Гаузер.
Голдар:Юнузович 7 (1:0), Белич 9 (2:0), Бақаев 25 (2:1), Юнузович (3:1).
Сары қағаз алды:Сүйімбаев 22.

«Ордабасы» (Шымкент): Александр Григоренко, Талғат Адырбеков, Фархадбек Ырысметов, Эндри Мвесигва, Қайрат Әшірбеков, Бекзат Бейсенов, Андрей Карпович 85 (Максим Фильчаков), Азат Нұрғалиев 70 (Мардан Төлеубек), Дидар Сыдықбек 68 (Евгений Левин), Данило Белич, Эдин Юнузович.
«Ертіс» (Павлодар): Неманья Джоджо, Бақдәулет Қожабаев 78 (Антон Чичулин), Альмир Мухутдинов, Ғафуржан Сүйімбаев, Владислав Чернышов, Дмитрий Шомко, Сергей Иванов 77 (Қуаныш Бегалин), Игорь Чучман, Ұлықбек Бақаев, Камолиддин Мурзоев 71 (Павел Шабалин), Игорь Юрин.

«Атырау» - «Тараз»


«Атырау» өз алаңында «Таразды» тізе бүктірді. Кездесудегі жеңіс голын Йован Голич соқты. Енді Арно Пайперс командасының тағдыры соңғы турда шешілетін болады. «Тараз» өз алаңында «Востокты» қабылдайды.

«Атырау» — «Тараз» 1:0 (1:0).
Атырау. «Мұнайшы» алаңы. Бас төреші: Артем Кучин.
Гол: Йован Голич  19 (1:0).
Сары қағаз алды:Голич 30. 

«Атырау»: Андрей Шабанов, Ринат Абдулин, Сергей Куцов, Максим Самченко 46 (Евгений Овшинов), Дорде Туторич, Йован Голич, Алексей Маров 70 (Айбар Нұрыбеков), Никола Миланкович, Георгий Пейкришвили 65 (Милош Стойчев), Денис Родионов, Алексей Щеткин.
«Тараз»: Рамиль Нұрмухаметов, Мақсат Әмірханов, Ерсін Мехмедович 85 (Мирослав Лечич), Абуллай Диакате, Виталий Евстигнеев, Константин Заречный 60 (Сергей Шафф), Эдуард Сергиенко, Сергей Скорых (Берік Айтбаев), Тити Эссомба, Обиора Одита.

«Жетісу» - «Восток»


«Жетісу» өз алаңында «Востокты» жеңе алмады. Кездесуде есеп ашылмады. Екі команда да 19 ұпайдан бар. «Жетісу» өз алаңында «Тобылды» қабылдайды.  

 «Жетісу» – «Восток»  0:0 (0:0).
Талдықорған. «Жетісу» алаңы. Бас төреші: Анатолий Вишниченко.
Сары қағаз алды:Эрбес 37, Досмағамбетов 39, Ерланов 45, Сохна 65.

«Жетісу» (Талдықорған): Андрей Пасеченко, Дамир Дәуітов, Марк Жалович, Арунас Климавичус, Захар Коробов, Дәуренжан Ергашев, Руслан Есетов 71 (Серікжан Мұжықов), Максим Азовский, Шавкат Саломов, Саят Сариев, Владимир Яковлев 46 (Мұрат Тілешов).
«Восток» (Өскемен): Илья Бәйтереков, Әбу Бәкір, Темірлан Ерланов, Мартин Комарк, Тимур Досмағамбетов 70 (Рафаэль Урахбахтин), Сергей Костюк 75 (Вячеслав Соболев), Вальтер Андре Мур, Эбрима Сохна, Вячеслав Эрбес, Папа Ньянг, Павел Удалов.

«Тобыл» - «Ақжайық»


«Тобыл» премьер-лиганың аутсайдері «Ақжайықты» өз алаңында жеңді. Нұрбол Жұмасқалиев кездесуде екі бірдей допты еншісіне жазды. Осылайша премьер-лигадағы голдарының санын арттыра түсті.

«Тобыл» – «Ақжайық» 2:0 (0:0).
Қостанай. Орталық алаң. Бас төреші: Сергей Гороховодацкий.
Голдар:Жұмасқалиев 56 (1:0), Жұмасқалиев 92 (2:0).
Сары қағаз алды:Муқанов 29, Черны 34.
Қызыл қағаз алды: Әбдрахманов 70.

«Тобыл» (Қостанай): Алмат Бекбаев, Де Соуза, Ермек Қуантаев, Данияр Муқанов 58 (Нұртас Кургулин), Бауыржан Байтана 74 (Әлішер Сүлей), Анатолий Богданов, Виталий Волков, Нұрбол Жұмасқалиев, Огнен Красич, Ненад Шливич, Игорь Бугаев 67 (Менсур Куртиши).
«Ақжайық» (Орал): Антонин Бучек, Михаил Любимкин, Бауыржан Омаров, Якуб Хлебоун, Елдар Әбдрахманов, Евгений Коструб, Мейрам Сапанов, Ізім Сәрсекенов 63 (Еркін Тапалов), Павел Черны, Сергей Шевцов 72 (Алексей Мальцев), Нендо Туркович 78 (Руслан Хаиров).

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/3U-Ul4lwVYI#t","width":"450","height":"338"});

р/с  Клубтар Ойын
өткізді Жеңіске
жетті Тең
түсті Жеңіліп
қалды Доп
айырмасы Жалпы
ұпайы 1   «АҚТӨБЕ»
31 20 5 6 44-20 42 2   «АСТАНА»
31 18 5 8 50-34 39 3   «ҚАЙРАТ» (Алматы)
31 11 12 8 41-36 30 4   «ЕРТІС» (Павлодар)
31 12 8 11 39-36 27 5   «ШАХТЕР» (Қарағанды)
31 12 7 12 42-41 26 6   «ОРДАБАСЫ» (Шымкент)
31 11 7 13 31-35 25

 

7-12 орындар

 

7   «ТОБЫЛ» (Қостанай)
31 14 6 11 48-32 35 8   «АТЫРАУ»
31 10 11 10 26-35 28 9   «ТАРАЗ»
31 7 8 16 29-37 20 10   «ЖЕТІСУ» (Талдықорған)
31 5 17 9 21-32 19 11   «ВОСТОК» (Өскемен)
31 6 12 13 19-36 19 12   «АҚЖАЙЫҚ» (Орал)
31 6 10 15 34-50 16 

Үздік сұрмергендер:

15 гол
Игорь Зенькович
13 гол
Игорь Бугаев
12 голдан
Момоду Сиссей Эдин Юнузович
9 гол
Нұрбол Жұмасқалиев
8 гол
Йосип Кнежевич

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz, sports.kz, vk.com