Бүгін футболдан ел премьер-лигасының ХХІХ тур ойындары мәресіне жетті. Чемпиондыққа басты үміткерлер саналған «Ақтөбе» мен «Астана» арасындағы ұпай 6-ға дейін алшақтады. Бұл турда барлығы 16 гол соғылды.
«Астана» - «Қайрат»
Йоан Андоне баптайтын елордалық футбол ұжымы чемпиондыққа басты үміткер команда осы турда сүрінді. Өз алаңында алматылық «Қайратпен» кездескен «Астана» алғашқы таймда Патрик Твумасидің голынан кейін жеңіске жетііп шыққан болатын. Алайда ойынның көркі 80 минуттан аса қызды. Алаңға «Қайрат» сапына тыңнан кірген Виталий Лидің баспен бағыттаған соққысы таблодағы есепті теңестірді. Араға тағы 3 минут сала Йосип Кнежевич кездесу тағдырын түбегейлі шешті. «Астана» қақпасында бас-аяғы 6 минутта 2 бірдей доп тулап, алаң иелері маңызды ұпайын жоғалтты. Кездесу соңы командалар арасында аздаған қақтығыстарға да ұласты. Сонымен қатар қос ұжым жанкүйерлері арасында да қақтығыстар орын алды.
«Астана» - «Қайрат» (Алматы) 1:2 (1:0).
Астана. «Астана Арена». Бас қазы: Артем Кучин (Қарағанды).
Голдар: Патрик Твумаси 45 (1:0), Ли 80 (1:1), 83 Йосип Кнежевич 83 (1:2).
Сары қағаз алды:Еременко 22, Дафф 45, Кислицын 61, Ли 77, Сымақов 85, Зелао 90, Шахметов 94, Дмитренко 94, Көкеев 94.
«Астана»: Ненад Эрич, Елдос Ахметов 88 (Бауыржан Исламхан), Виктор Дмитренко, Зелао, Фокси Кетеовама, Валерий Коробкин, Дамир Кояшевич, Исламбек Қуат, Марат Шахметов, Танат Нөсербаев 61 (Сергей Остапенко), Патрик Твумаси 90 (Ұлан Қонысбаев).
«Қайрат» (Алматы): Давид Лория, Александр Кислицын, Қазыбек Гетериев 63 (Йосип Кнежевич), Стюарт Дафф, Артур Едигарян, Алексей Ерменко, Антон Землянухин 75 (Жамбыл Көкеев), Илья Калинин 75 (Виталий Ли), Самат Сымақов, Кирилл Шестаков, Момоду Сиссей.
«Ақтөбе» - «Ертіс»
«Ақтөбе» өз алаңында керекудің «Ертісінен» жеңіліп тұрып, жеңісті жұлып алды. 17 минутта өз қақпаларына доп өткізіп алған алаң иелері бұл кездесудің аса маңызды екенін жете түсініп ойнады. 45 минутта Сергей Давыдов есепті теңестірді. Екінші тайм басталысымен Арзуманян «Ақтөбені» алға шығарса, 71 минутта Марат Хайруллин кездесудегі есепке нүкте қойды. Осылайша Владимир Никитенко шәкірттері чемпиондыққа жақындай түсті.
«Ақтөбе» — «Ертіс» (Павлодар) 3:1 (1:1).
Ақтөбе. «Қобыланды батыр» атындағы алаң. Бас төреші: Болат Қарлыбаев (Орал).
Голдар:Шомко 17 (0:1), Давыдов 45 (1:1), Арзуманян 47 (2:1), Хайруллин 71 (3:1).
Сары қағаз алды:Логвиненко 67, Сидельников 92.
«Ақтөбе»: Андрей Сидельников, Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Юрий Логвиненко, Алексей Мулдаров, Евгений Дяденко 83 (Абат Айымбетов), Тимур Кападзе, Марат Хайруллин, Андрей Харабара, Александр Гейрних 89 (Марат Бикмаев), Сергей Давыдов 85 (Асхат Тағыберген).
«Ертіс» (Павлодар): Вячеслав Котляр, Бақдәулет Қожабаев, Штепан Кучер, Альмир Мухутдинов, Ғафуржан Сүйімбаев, Владислав Чернышов, Дмитрий Шомко, Евгений Аверченко, Сергей Иванов 78 (Предраг Говедарица), Павел Шабалин 73 (Камолиддин Мурзоев), Ұлықбек Бақаев.
"Шахтер" - "Ордабасы"
9 кездесу бойы жеңіске жетпеген "кеншілер" ұжымы бұл сәтсіздігіне осы турда нүкте қойды. Виктор Кумыков командасы өз алаңында шымкенттік "Ордабасыны" 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал Виктор Пасулько шәкірттері премьер-лигада алғашқы алтылыққа енгеннен кейін арқаны кеңге салып, соңғы кездесулерінде тек ұпай тарқатумен келеді. Бұл жағдай бүгін де қайталанды...
39 минутта Мақсат Байжановтың асырған пасын Алдин Джидич қонақтар қақпасына тоғытты. 58 минутта Игорь Зенькович премьер-лигадағы 14-ші голын соғып, жеке дара мергендер көшін бастады. 79 минутта Александр Григоренко қателігінен кейін Михаил Габышев кездесудегі есепті 3:0-ге жеткізді.
«Тобыл» - «Восток»
Қостанайлық команда екінші топтың басты көшбасшысы екендігін дәлелдеді. ХХІХ турда Өскеменнің «Востогын» өз алаңында қабылдаған команда қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Бірінші таймда Әбу Бәкірдің соққан голынан кейін қонақтар алда тұрған болатын. Алайда алаң иелері екінші таймда шабуылына тың қарқын қосып, 71 және 75 минуттарда екі голды «Восток» қақпасында тоғытты. Осылайша «Тобыл» екінші топты бастап, Өскемендік ұжым «қауіпті аймаққа» жақындай түсті.
«Тобыл» (Қостанай) – «Восток» (Өскемен) 2:1 (0:1).
Қостанай. Орталық алаң. Бас қазы: Денис Измайлов (Талдықорған).
Голдар:Әбу Бәкір 34 (0:1), Шкот 71 (1:1), Алумона 75 (2:1).
Сары қағаз алды:Андре Мур 39, Әлиев 52.
«Тобыл» (Қостанай): Алмат Бекбаев, Ермек Қуантаев, Нұртас Кургулин, Александр Шкот, Бауыржан Байтана, Анатолий Богданов 90 (Алексей Малышев), Виталий Волков, Нұрбол Жұмасқалиев 46 (Огнен Красич), Ненад Шливич, Игорь Бугаев, Менсур Куртиши 68 (Александр Алумона).
«Восток» (Өскемен): Роман Нестеренко, Әбу Бәкір, Темірлан Ерланов, Вячеслав Соболев, Илья Фомичев, Әли Әлиев 69 (Рафаэль Оразбахтин), Сергей Костюк, Вальтер Андре-Мур, Санчес Передес, Эбрима Сохна, Вячеслав Эрбес 85 (Антон Молтусинов).
«Жетісу» - «Атырау»
Екінші топтағы «Тобылдан» кейінгі жағдайы тәуірлеу команда – «Атырау». Әзірге еншісінде 22 ұпай бар. Бұл турда команда Талдықорғанда «Жетісумен» тең тарқасты. Кездесуде есеп ашылмады.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Атырау» 0:0 (0:0).
Талдықорған қаласы. «Жетісу» алаңы. Бас төреші: Акмалхан Холматов (Қызылорда).
«Жетісу» (Талдықорған): Андрей Пасеченко, Дамир Дәуітов, Марко Жалович, Арунас Климавичус, Захар Коробов, Руслан Есетов, Дмитрий Мамонов 61 (Абылайхан Тотай), Шавкат Саломов 75 (Иван Перич), Саят Сариев, Влдаимир Яковлев, Мұрат Тілешов.
«Атырау»: Андрей Шабанов, Ренат Абдулин, Сергей Куцов, Евгений Овшинов 59 (Александр Стахив), Дорде Туторич, Йован Голич, Никола Миланкович 68 (Артем Фомин), Георгий Пейкришвили, Денис Родионов, Ненад Иняц 75 (Алексей Шакин), Айбар Нұрбеков.
«Ақжайық» - «Тараз»
Оралдық команда турнир кестесінің ең соңғы орнында келеді. Алайда бұл турда «Ақжайық» өз алаңында «Таразды» жеңді. Тұңғиыққа батқан «Таразды» Арно Пайперс те құтқаруға шамасы жетпейтіндей. Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
«Ақжайық» (Орал) – «Тараз» 2:1
Орал қаласы. «Ақжайық» алаңы. Бас төреші: Виктор Антонов (Павлодар).
Голдар: Зотин 18, Туркович 34 - Заречный 81
«Ақжайық» (Орал): Антонин Бучек, Бауыржан Омаров, Якуб Хлебоун, Елдар Әбдрахманов, Константин Зотов, Евгений Коструб, Мейрам Сапанов, Ізім Сарсекнов, Павел Черны, Сергей Шевцов, Недо Туркович.
«Тараз»: Рамиль Нұрмухаметов, Мақсат Әмірханов, Илья Воротников, Дмитрий Евтигнеев, Александр Кучма, Ерсін Мехмедович, Андрей Шабаев, Абдуллай Диакате, Эдуард Сергиенко, Сергей Скорых, Тити Эссомба.
ХХІХ турдан кейінгі турнир кестесі:
р/с
Клубтар
Ойын
өткізді
Жеңіске
жетті
Тең
түсті
Жеңіліп
қалды
Доп айырмасы
Жапы
ұпайы
1
«Ақтөбе»29
19
5
5
40-19
39
2
«Астана»29
16
5
8
48-34
33
3
«Ертіс» (Павлодар)29
12
8
9
38-32
27
4
«Шахтер» (Қарағанды)29
12
7
10
41-35
26
5
"Қайрат" (Алматы)29
10
11
8
39-35
26
6
«Ордабасы» (Шымкент)29
10
6
13
28-34
21
7-12 орындар.
7
«Тобыл» (Қостанай)29
13
6
10
46-30
32
8
«Атырау»29
8
11
10
23-34
22
9
«Восток» (Өскемен)29
6
11
12
18-34
18
10
«Тараз»29
6
8
15
27-36
17
11
«Жетісу» (Талдықорған)29
5
15
9
21-32
17
12
«Ақжайық» (Орал)29
6
9
14
34-48
15
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz