Отандық зілтеміршіміз әлем чемпионатында топ жарды

69 келі салмақта өнер көрсететін отандық зілтемірші жігітіміз Альберт Линдер 17 жасқа дейінгі аралықта өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

16 жасар алматылық жігіт серпе көтеруде 135 келіні қиналмай алса, жұлқа көтеруде 162 келіні бағындыра алған.

Айта кететін болсақ, алтын алқаны ирактық Жавад Мохаммед Кадхум Каррар иеленді. Ол серпе және жұлқа көтерудің жалпы қорытындысы бойынша 311 келі салмақты бағындырған. Ал күміс жүлдені 298 келі салмақты ырқына бағындырған 14 жасар кавказдық Хетаг Хугаев алса, қола жүлдені тиісінше отандық спортшымыз иеленіп отыр.

Тағы да бір қазақстандық зілтеміршіміз 17 жасар Айдар Казов алтыншы орыннан көрініпті. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ол 287 келіні көтере алған.

сурет:mol-sport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт