Астанада «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында «Олжалы отызыншы Олимпиада» атты олимпиадашылардың Лондондағы сәтті өнер көрсетуіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті.
Бұл кітап «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің қолдауымен шыққан. Кітапта Олимпиада қаһармандары туралы репортаждар, сұхбаттар жазылған. Олимп ойындары кезіндегі қызықты дүниелер де кітаптың ішінен табылады.
«Олимпиада - ерекше атап өтетін оқиғалардың бірі. Лондонда біздің елдің спортшылары өте тамаша өнер көрсетті. Осыдан 10 жыл бұрын біз жалпы командалық есепте 12-орынды тек армандайтынбыз. Енді міне, сол арманның орындалған сәтіне куә болып отырмыз. Кітап сол Олимпиадада топ жарған саңлақтарымыз туралы», -дейді «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Абдрахманов.
Кітаптың авторы «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Серік Пірназар.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет:vesti.kz