Отызыншы рет өткелі тұрған Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ұзаққа созылмайтын болды. Бұған өз кезегінде Лондонда өтетін олимпиада ойындарында қауіпсіздікке жауап беретін "Фиаско" компаниясы ықпал еткен.
The Sun-нің хабарлауынша, 27 миллион тұратын таңғажайып шоудың жарты сағаты алынып тасталынған. Оған себеп бақылау бекетінде тұрып қалу қорқынышы. Тіпті, кейбір жобаланып келген шаралар соңғы күндері қатардан шығарылған. Мәселен, солардың бірі әуеде өнер көрсететін мотоциклші - каскадерлердің шоуы.
"Біз ашылу салтанатын бақылау бекетіне байланысты біршама қысқартып тастадық. Себебі, кірер ауыз бен шығар ауызда қалың адаммен қарбалас болып, күтпеген қиындықтар туындауы мүмкін. Әйтпесе, бар өнерді көрсетуге ешкім де қарсы болмап еді..." -деп Олимпиада комитетінің қызметкерлері айта кетті.
Айта кетсек, ертегідей күйге бөлейтін, таңғажайып шоуды тікелей эфирде 1 миллиард адам тамашалауға мүмкіндік алады. Және отызыншы рет болғалы отырған Олимпиаданың ашылу салтанатын жүзбе-жүз барып тамашалу бар-жоғы 2 000 фунт тұрады.
Сурет:aif.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт