NHL желтоқсандағы барлық матчын өткізбейтін болды

NHL желтоқсандағы барлық матчын өткізбейтін болды

Ұлттық хоккей лигасы (NHL) мен хоккейшілер кәсіподағы арасындағы келіспеушілік салдарынан желтоқсан айындағы ойындар өтпейтін болды, деп хабарланады Лига сайтында. 

Осылайша, 526 матч кейінге қалдырылды. Бұл маусым ойындарының 40%-ы.

NHL мұндай шешімге спортшыларға төленетін жалақы мен бонустарға қатысты проблема себебінен барып отырған көрінеді. Яғни жаңа келісімге сәйкес, кейбір спортшылардың айлық табысы 40%-ға дейін төмендеген екен.  

NHL осымен үшінші мәрте 1994 жылдан бері ойындарын кейінге қалдырып отыр. Ал 2004/2005 жыл маусымында ойындардың барлығы ойналмаған. 

Қызық мәлімет ретінде айта кетейік, NHL хоккейшілерінің жалақысы 750 000 $ - 15 000 000 $ доллар аралығында көрінеді. Оған матч нәтижесіне қарай берілетін бонусты қосыңыз. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: isport.ua

Б. Қосмағамбет