Нариман мен Аружан спорттық биден чемпион болды

Нариман мен Аружан спорттық биден чемпион болды

Спорттық биден өткен Қазақстан чемпионатының юниорлар-2 категориясында астаналық жұп Нариман Әшенов пен Аружан Алдашева жеңіске жетті. Бұл туралы Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Екінші орын алматылық бишілер Бауыржан Бекен мен Наргиза Сәрсенбековаға бұйырды. Оңтүстік астанадан келген Илья Антипов пен Дидара Атмаджа бәсекенің үшінші тұғырынан көрінді.

Айта кетелік, сайысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған 17 жұп қатысты.

Жеңімпаздар Аружан мен Нариман 4 жастан бері осы кәсіппен айналысып келген екен. Спортшылар Астанадағы №1 жасөспірімдер мен балаларға арналған олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары. Бұған дейін Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының аясындағы "Созвездие" би ансамблінің құрамында өнер көрсеткен. 

ва

"Бұл спортшыларды енді Латвияда өтетін Әлем чемпионатына дайындап жатырмыз. Байрақты бәсекенің финалына дейін баруды мақсат қыламыз", - деді жұптың жаттықтырушыларының бірі Дмитрий Стариков.

Жұпты Инга Холмецкая мен Анна және Дмитрий Стариковтар отбасы жаттықтыратындығын қоса кетелік.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: bnews.kz