Маусым айының есте қалған тарихи күндері. Таңырқап, біліп отырайық.
2003 жылдың 2 маусымында Роман Абрамович «Челсиді» сатып алды
140 млн. фунтқа клубтың 90 пайыз акциясын сатып алу арқылы атақты ресейлік миллиардер «Челсиді» өз жеке меншігіне айналдырды. Тізгін ұстаған алғашқы тұста Абрамович 80 млн. фунтты қарыз жабуға жұмсады. Олигарх қамтамасыз еткен қаржылық күш-қуат «ақсүйектердің» тарихта бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетуіне мүмкіндік берді. Команда он жылда ел біріншілігін үш мәрте және Чемпиондар Лигасын тұңғыш мәрте жеңіп алды.
1978 жылдың 9 маусымында Мирослав Клозе дүниеге келді
Неміс пен поляк қызы тоғыз жасар ұлдарымен Германияға қоныс аударады. Араға жылдар салып барып, әлгі ұл бундестимнің (Германия чемпионаты) ең үздік футболшысы атанады. Клозе Германия құрамасымен бірге әлемдік және құрлықтық алпауыт додаларда күміс пен қола медальдарға қол жеткізді. Клубтық деңгейге көз жүгірте кетсек, «Бавария» сапында екі мәрте ел чемпионы атанған.
Аталған ойыншының көзге ілінетін ең бірінші қасиеті – гол соғудағы сезімталдық.
Жарқын қуаныштарға толы мансап жолында 200-ден астам гол соққан. Оның 14-і Әлем Чемпионатында тіркеліп отыр – бразилиялық Роналдо ғана алда келеді.
1933 жылдың 19 маусымында Туринде Олимпиада Стадионы соғылды
Арена 1934 жылғы әлем чемпионатына мақсатталып, арнайы соғылды. Алғашқыда «Муссолини» деген атау алды және 65 мың жанкүйер сиып кететін-ді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Комунале» деп өзгертілді. Ұзақ уақытқа туриндік қос клубтың ішкі алаңдары (өз үйлері) болып келді (қазір – «Торино» ғана ).
Үлкен құрылыс көпқұрылымды болуына жағдай жасады: мұндай Олимпиада-2006 ойындарының ашылу және жабылу салтанаты болып өтті.
1968 жылдың 26 маусымында Паоло Мальдини дүниеге келді
Артық-ауыз мақтаусыз, Кальчоның аңызы, футбол династиясын жалғастырушы. «Милан» сапында командалас дос-серігі Аригго Саккимен бірлесе жүріп, ойын барысын оқып қана қоймай, сонымен бірге үлгілі қорғаныс шебін құратын. Алаңның сол жақ шеті болсын, орталығы болсын, ойнай беретін.
УЕФА нұсқасындағы «жыл ойыншысы» атағына нық сеніммен барған ең алғашқы қорғаушы атанды (ол жолы клубтас досы Джорджу Веа бірінші орыннан көрініп кетті).
Cурет: dw.de; sport-xl.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек