- Негізгі бет
- Маккала
- Маусымаралық триатлон: не...
Маусымаралық триатлон: не істеу керек?
Қазақстанның триатлеттері үшін "жабық кезең" басталды. Қараша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айлары - тұрақты белсенділікке үйренген спортшыға не істеу керек. Егер сізде ақша мен уақыт көп болса, онда сіз Апеннин немесе Балқанға барып жаттығуды жалғастыра аласыз. Ал егер ақша-уақыт жоқ болса ше?
Бұл маусымаралық ойындар үшін үшсайыстың дәстүрлі емес түрі ойлап табылған, ол - Indoor Triathlon (жабық бөлмедегі триатлон). Мұнда бассейнде жүзу, велоэтап – велосипед тренажерында, жүгіру - жүгіру жолында өтеді.
Қазақстанның оңтүстік астанасында, триатлоннан жарысты Қазақстан триатлон федерациясының қолдауымен «Almaty Triathlon Federation» ҚБ өткізеді. Бұл ең нағыз жарыс, ол республикалық іс-шаралар кестесіне енгізілген, кәсіби төрешіліер төрелік ететін, түрлі марапаттар, сертификаттар тапсырылатын шара.
Indoor Triathlon тарихынан
"Шатырдың астындағы триатлонның" алғашқы старттары 1980-ші жылдары Еуропада кәсіби топ атлеттердің өнер көрсетулері ретінде басталды. Әдетте бұл мақсаттар үшін велодром пайдаланылды, онда орталықта уақытша бассейн салынды, ал велосипед жарысы мен жүгіру шеңбер бойынша өтті. Бұл сайыс біліктілік пен әуесқойларға да қатысты.
1990 жылы Канадада бірнеше университеттердің студенттері (University of Western Ontario, MacMaster University, Queens University, Trent University) орынжайдағы триатлон идеясын қабылдап, әуесқойлар үшін жарыстар өткізе бастады. Сол кезде әлем бойынша көптеген адамдар жарыстың нақ осы форматы өте тиімді екенін түсінді: ол бюджетті, күрделі емес, қауіпсіз, бұл триатлонға жаңадан келушілерді "жұмсақ жол" ретінде таныстыру үшін ыңғайлы. Кейінірек АҚШ пен Канадада Indoor Triathlon - OITA (Ontario InterUniversity Triathlon Association) Федерациясы пайда болды.
Бүгінгі күні әлемде триатлонның көптеген старттары өтуде. Егер Outdoor Triathlon классикалық старттарын есептеу мүмкін болса, онда старттардың санын анықтау өте қиын болар еді. Өйткені Еуропада, Азияда, екі Америкада Indoor Triathlon жарысын жоғары деңгейде өткізуге қабілетті спорт клубтарының саны аз емес екені баршаға мәлім. Бұл мәліметтер триатлонның әлемде ерекше танымалдығы туралы тағы бір мәрте дәлелдеп өткендай.
Indoor Triathlon несімен тартымды?
Біріншіден, біз айтқандай, бұл жаңа бастаушы спортшылардың керемет спорт түріне келуге тамаша мүмкіндік.
Жүзу кезеңі бассейнде өтеді. Бұл ашық суда бағдарлау дағдыларын игермеген және су айдындарында жүзу алдында қорқатын адамдар үшін таптырмас мүмкіндік. Бұдан басқа, бассейнде жүзу - кез келген қиын сәтте тоқтау мүмкіндігі, бөлу жолынан қолмен ұстап, рух жинап, одан кейін жүзуді жалғастыру.
Қатысушағы велосипед сатып алудың қажеті жоқ, Indoor Triathlon велокезеңі велотренажерде немесе велостанкада өтеді. Жаңа спортшыңың жанында әрдайым "дербес" төреші болады, ол басқалармен қатар қажетті кеңестер бере алады.
Indoor Triathlon-да жүгіру кезеңі тік көтерусіз немесе күрт төмен түсірусіз"жазық" жолда өтеді, ол интуитивті түсінікті және бағдарлауға назар аударуды талап етпейді.
Indoor Triathlon кәсіпқой не үшін қажет?
Атақты канадалық триатлет Лионель Сандерс (Ironman Kona-2017 әлем чемпионатында 2-ші орын иегері) қыста өз гаражында велостанка мен жүгіру жолын пайдалану арқылы жаттығатынын білесіз бе?
Жалпы, тәжірибелі триатлет үшін Indoor форматындағы жарыс әрдайым сынақ старттары ретінде қызықты. Оларға, мысалы, жаңа әдістеменің, техниканың, ҚПО жүйесінің нәтижелілігін байқауға болады. Indoor Triathlon старттарында жаттықтырушы да, атлет өзі жұмыс істеген дағдының қаншалықты жақсы қалыптасқанын түсінуі мүмкін. Жаттықтырушылар үшін осындай жарыстар несімен өте маңызды: мұнда ол спортшының қазіргі уақытта дайындық деңгейін анықтайды және нәтижелерге сүйене отырып, жеке жаттығу бағдарламасын құрастыра бастайды.
Алматыда Indoor Triathlon қайда өтеді?
Almaty Triathlon Federation өткізетін Indoor Triathlon жарысы 2019 жылдың 30 қарашасы-1 желтоқсанында World Class Almaty фитнес-клубында өтеді. 30 Қарашада кәсіпқойлар күш сынасады, ал 1 желтоқсанда әуесқойлар күреске түседі. Жарыс күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Егер Қазақстандағы триатлеттердің негізгі салмағы 2020 жылдың наурыз айынан басталатын жарыс маусымына дайындалатынын ескерсек, желтоқсан айының басы барлық пәндердегі дайындық деңгейін тестілеу үшін бастапқы дайындық деп санауға болады.
Әрине, жарыс барысында еліміздің өңірлері мен шетелдерден келген басқа спортшылармен әңгімелесіп, керек-жарақтың жаңалықтарын, дайындық әдістерін талқылап, алдағы триатлон маусымына арналған жоспарлармен бөлісу қажет.
А. Рысдәулет